Жеңілдетілген автонесие: өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Жеңілдетілген автонесие: өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Жеңілдетілген автонесие: өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін
ашық дереккөзі
Елімізде жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жеңілдетілген автокөлік несиесі үшін берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін, ал көлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Мұндай параметрлер бағдарлама халықтың көпшілігіне қолжетімді болуы үшін жасалған. Айдың соңына дейін бағдарламаны іске қосуға тырысамыз» - деді Марат Қарабаев.
Министрдің айтуынша, осы аптада Индустриялық даму қоры брифинг өткізеді. Кейін мерзімдері мен шарттары белгілі болады.
«Бұл жерде мәселе тұтастай алғанда бағдарламаның механизмін қайта қарау туралы болып отыр, егер бұған дейін олар автосалондарға жүгініп, содан кейін ғана банкке барса, енді «Индустриялық даму қоры» АҚ басқа механизмді ұсынады: алдымен өтініш беру үшін қорға электронды кезек пайда болады, содан кейін автосалондар өздерімен келісілген белгілі бір мерзімде автокөлікті бере алады», - деді ҚР Индустрия және индустриялық-инновациялық даму министрі Марат Қарабаев.
Айта кетсек, 2022 жылдың мамыр айында бағдарламаға 100 млрд теңге бөлінді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл ақшаға 14 мыңнан астам несие мақұлданды.