Жаңалықтар

Әлемге танымал футболшы қамауға алынды

ашық дереккөзі

Әлемге танымал футболшы қамауға алынды

«Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті зорлады деп айыптаған бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып берді деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол кеткісі келетінін айтса да, бразилиялық жібермеген. «Есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», – деді бойжеткен. Бұған дейін Алвес 4 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Испанияның заңына сәйкес, жыныстық зорлық-зомбылық үшін 4 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды. Алвес – әлемде атағы ең көп футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алған.