Шекаралық елді мекендер мәселесі мәз емес

Егемендіктің қазаққа берген сыйы – кең байтақ даласын жат көздің сұғынан қорғап, шекарасын дер кезінде сызып, іргесін бекітуі. Себебі кез келген мемлекеттің берік болуы шекарасының шегенделуінен басталады. Бұл жағынан алғанда, ел үшін маңызды шаралар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданып, бекітілген болатын. Алайда бүгінде шекаралық аймақтардың халі нешік? 

Еліміз бойынша шекаралық аудандар­дағы халық саны жыл өткен сайын азайып келе жатқаны талай мәрте айтылып та, жазылып та жүр. Жыл сайын кемінде 3-4 мыңға жуық тұрғын облыс орталықтарына қоныс аударуда. Елдің етегін жалаңаштап жатқан бұл әрекетті тоқтатып, тұрақтандыруды шұғыл қолға алмаса, шекара шебіміз жалаңаш қалатын түрі бар. Шекараның мықты болуы ондағы әскерлердің санына ғана емес, шеп бұзбай отыратын халықтың санына да байланысты екенін айтып жатудың өзі артық.

Мәселен, тұмса табиғаты және тарихи жәдігерлерімен көз тартатын Шығыс Қазақстан облысы еліміздің ең үлкен шекаралық аймақтарының бірі саналады. Әрі бұл өңір әуелден туризмге сұранып тұр. Ал бал өндіруден елімізде көш бастап тұрған облыстың бүгінде марал өсірумен де аты шыққан.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның Ресей, Қытай және Моңғолия елдерімен шекаралас солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Мұнда Азияның ұлан-байтақ далалары Сібірдің таулы орманымен ұштасып жатыр. Жазық келген жоталар, қалың ормандар, басын мәңгі мұз басқан таулар,  өзендер мен көлдер бұл жердің ғажайып табиғатының әсемдігін көрсетеді. Бұл өңірде алғаш болған зерттеушілер өлкенің сұлулығына таң қалғаны соншалық, Швейцарияға теңеген екен. Оның ерекшелігі сонда, бұл аймаққа сапар шеккен адам өзіне қажетті демалыстың кез келген түрін таба алады.

Әрине, туризм саласын өркендетуде Шығыс Қазақстан облысын шетелдіктер тамсанатын демалыс аймағына айналдыруға еш кедергі жоқ. Бірақ осы өңірдегі шекаралық аудандар мен елді мекендердің жағдайы алаңдатады.

Былтыр Парламентте депутаттық сауал жолдаған Берік Дүйсенбинов шекаралық елді мекендер жайында мәселеге бейжай қарамауға шақырғаны есте. Ол: «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартты» деп мені ешкім кінәламас. «Темірді қызған кезінде соғу» – азаматтық борышым. Өйткені шекарамыз жалаңаш жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай, Күршім деген табиғаты керемет аудандар бар. Өзім осы өңірдің азаматымын, сондықтан бәрі менің көз алдымда. Әр тасы, әр белесі дегендей. Жиі аралайтын болғандықтан, көңілімде қорқыныш басым. Ауыл-аймақтың ақсақалдарымен кездескенде олар: «Біз сүйегімізді сүйретіп Астанаға, Өскеменге, Алматыға қайдан барамыз, осы жерде өлгіміз келеді. Ауылда қалған біз секілді кемпір-шалдар ғана. Содан кейін аз-маз мал ұстап отырған адамдар бар. Қалғандары түгел көшіп жатыр. Мектеп жабылғасын олар қайтпек? Бала-шағаның қамымен, күнкөріс үшін атамекендерін тастап кетпегенде қайтеді? Мына жақтан қазір Қытай шаруалары қолдарына айыр алып, таудан түсер болса, оларға қарсы тұрар ауылда адам қалмай бара жатыр», – деп қорқыныштың көкесін айтты» дегенде бұл жайттың назардан тыс қалмау керектігін ұққан едік.

Дәл осы түйткіл шекараға таяу орналасқан Нарынқолда да, Марқакөл мен Алакөлде де анық байқалуда. Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарындағы шекаралық ауылдардың жағдайы сын көтермейтіндіктен, халықты тұрақтандыру мен шоғырландыру мәселелерін мемлекеттік деңгейде шұғыл қолға алу да кезек күттірмейді. Демек, шекаралас елді мекендердің басты мәселесі – жылдан жылға тұрғындар санының азайып, қаңырап бос қалуы. Мұны шешудің жолы қандай?

Біз Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауылдық округының әкімі Амантай Балтабаев мырзадан шалғайда бұйығы жатқан шекаралас елді мекеннің тыныс-тіршілігін сұрап көрген едік.

– Қазір шекараға таяу орналасқан ауылдар мен елді мекендерге халықтың көптеп қоныстануына мән беруіміз керек. Өйткені әлемде геосаяси жағдайлар күрделеніп барады. Бұл орайда еліміздегі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарындағы шекаралық ауылдардың жағдайы жіті көңіл бөлуді талап етеді. Халықты тұрақтандыру мен шоғырландыру мәселелерін мемлекеттік деңгейде шұғыл қолға алуымыз қажет. Шекара бойында орналасқан аудандар мен тұтастай ауылдардың бос қалу қаупі бар. Өйткені шекаралық аудандарды біріктіру үдерістері жүргізіліп, аудан орталықтары көшкеннен кейін, мемлекеттік мекемелер жабылып, сонымен күн көріп отырған халық жұмыссыз қалды. Шалғай аудандарда өндіріс және өнеркәсіп орындары жоқтың қасы. Оған тоқырау жылдары да өз салқынын тигізді. Сол кездерде ауыл шаруашылығымен айналысу да тиімсіз еді. Бәлкім, заманның қиындап тұрған тұстарында шекаралық аймақтардағы аудандарды бір-біріне қосып, біріктіру қажеттіліктен туындаған да шығар.

Ал қазір бұл аудандарды қалпына келтіруге не кедергі? Еліміздің қазіргі таңдағы саяси-экономикалық жағдайы бұған толықтай мүмкіндік береді. Егер ауылдардағы ағайынның орталықтарға қоныс аударуы азаймаса, шекарамыз бос қалайын деп тұр. Жалпы еліміз бойынша шекаралық аудандардағы халық саны барған сайын азайып бара жатқанын көреміз. Өйткені жыл сайын кемінде 3-4 мыңға жуық тұрғын облыс, аудан орталықтарына қоныс аударады. Бұрынырақта шекараға жақын маңда халықтың қарасы қалың болатын. Тіпті шекарадан өтіп, шеп бұзып, шектен шыққандарды жергілікті халықтың өзі-ақ тәртіпке келтіріп отыратын. Сондықтан шекаралық аудандарды қайта қалпына келтірсек, ауылдардың еңсесін көтеріп шекарамызға да көп алаңдамас едік. Елулікті еңсердік, енді отыз елдің қатарына енеміз деп жатқанда осы аудандарды қайта қалпына келтіру де күн тәртібіне сұранып тұрғаны анық. Сонымен қатар атамекенге оралған қандастарымызды Үкімет белгілеген тиісті облыстарға бөлгенде, шекаралық ауылдарға да орналастыруды қарастырса екен.

– Жақын арада шекара шебімізді қорғайтын халық қалмайтын түрі бар деп алаңдауыңыз орынды. Егер жұрт кәсіп болмаса, нәсібін қалай таппақ?

– Шыны керек, шекаралық аудандардың басым бөлігі тұйық, қарым-қатынасы қиын, үлкен тас және темір жолдардан қашық жерлерде орналасқан. Содан кейін де мұнда экономикалық тиімді кәсіпті ұйымдастырудың өзі күрделі, әрі шығыны көп. Осындай себептермен шекаралық аудандардың халқы күнкөріс қамымен шама-шарқынша үлкенді-кішілі қалаларды жағалап кетті. Шекарадағы елді мекендер мәселесі сөз болғанда оңтайландыру саясаты кезінде таратылған шекаралық аудандарды қайта қалпына келтіру мәселесі де айтылмай қалмайды. 1997 жылдары Қатонқарағай және Большенарым ауданы қосылғанда халық саны 50 мың болған. Ал қазір екі ауданның халқы 24 мың адамнан аспайды. Сондықтан бірінші өзекті мәселе ретінде ішкі миграцияны атап өту керек. Тау қойнауларына орналасқан бұрынғы ферма орталықтары мен қыс қыстауын, жаз жайлауын жайлап, малын бағып, шөбін шауып отырған жергілікті тұрғындар бүгінде ат төбеліндей ғана. Олар аудан, облыс, тіпті Алматы, Астана қалаларын бетке алып, көш түзегелі қашан. Бүгінгі заманда бұл заңды құбылыс. Сондықтан көліктік дәлізін ұйымдастырып, алыс-беріс күшейсе деген ой бар. Біздің ауылдағы жағдайды 1997 жылмен салыстырсақ, Қатонқарағай ауылында халық саны 10125 адам болса, қазір 4571. Яғни, 55 пайызға кеміген. Ал тұрғындардың орта жасы бұрындары 30-50 жас болса, қазір 55-63 жас. Туу көрсеткіштері де айтарлықтай мәз емес. Урбанизация үрдісімен халық, әсіресе жастар жаппай қалаға көшуде. Жастар ауылды көркейтуге қалмаса, туу деңгейі де аз болары анық. Мысалы, қазіргі күні ауылдағы туу деңгейі облыстық орта көрсеткіштен 2 есе төмен. Жастарды қолдау үшін, ауыл тұрмысын жақсарту үшін кәсібін дамытуға, мансабын жоғарылатуға мүмкіндік туғызу қажет. Осы тұста тағы көкейкесті мәселе алдымыздан шығады. Жас мамандардың ауылға келуі сирек. Осының салдарынан ауылдарда дәрігерлер, мұғалімдер жетіспеушілігі анық сезіледі. Мемлекет жағынан жастарды қолдауға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Алайда жас мамандар қызметін қалада бастағысы келеді. Оқуын енді тәмамдаған мамандардың алыс шалғайдағы елді мекенге жұмыс істеуге барып, тұрақтап қалуы үшін арнайы бағдарлама қабылданса құба-құп. Бағдарламада шекаралық аудан тұрғындарына барлық бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдер мен еңбекақыларға жоғарылататын коэффициент тағайындап, түрлі жеңілдіктер қарастырылғаны жөн. Нарыққа шығу жолдарын іздеп, өндіріс орындарын құру керек. Бізде қазір экономикалық тұрғыда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған  түрлі жеңілдіктер бар. Солардың ұтымды тұстарын шекаралық аймақтарға қолданса тиімді.

– Біраз ауыл жабылып, қаңырап бос қалды дедіңіз. Нақты саны қанша?

– Шығыс Қазақстан облысында 1997-2011 жылдар аралығында ғана шекаралық аудандардағы 45 елді мекен еліміздің картасынан жойылып, 20-дан астам мектеп өз жұмысын тоқтатқаны қынжылтады. 2012 жылға дейінгі дерекке қарағанда, 15 жыл ішінде Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Үржар аудандарынан 85,1 мың адам көшіп кеткен. Бұл аудандардың барлығы – Қазақстанның шекаралық аймақтары. Тек 2009-2010 оқу жылында балалар санының азаюына байланысты 19 мектеп, 2010-2011 оқу жылында 17 мектеп, 2011-2012 оқу жылында 13 мектеп жабылған. 2012-2013 оқу жылында облыс бойынша 20 жалпы білім беретін мектеп жабылып, 6 мектеп қайта ұйымдастырылған. Жалпы, 2009 жылдан бастап облыста 69 мектеп жабылып, 48 мектеп қайта ұйымдастырылған. Қайта ұйымдастырудың да теріс әсері көп. Өйткені 11 жылдық мектептер тоғыз жылдық немесе тоғыз жылдық мектептер бастауыш мектептер мәртебесіне ие болады. Бұл да халықтың жаппай көшуіне өз әсерін тигізуде. Бұл 5-6 жыл бұрынғы бір ғана дерек.

Айтпақшы, жақында бізге өнеге болар бір жаңалықты оқыдым. Жапониядағы трамвай мекемесі шалғай ауылдан қалаға қатынайтын жалғыз оқушы үшін тоқтатылуы тиіс трамвай бағытын екі жыл бойы жұмыс істеткені туралы жазылған. Шалғай ауылдағы оқушы мектебін бітіргенше, жалғыз жолаушы үшін трамвай қатынасын тоқтатпау – Жапонияның жасампаз рухты ел екенін көрсетеді. Ал бізде жалғыз оқушының тағдыры былай тұрсын, тұтас ауылдың жағдайына көңіл бөлеміз бе?

– Көрші Қытай елімізбен шекаралас жатқан аудандарға кәдімгідей қалалар салып тастағанын естіп те, көріп те жүрміз. Бұл ешқандай қауіп тудырмай ма?

– Қытай Қазақстанмен шекаралас аудандарына халықты шоғырландырып, қалалар салып тастаса, Ресей Қиыр Шығыстағы шекаралық аудандарына көшіп барушылар үшін гектарлап жер телімдерін тегін беруді қолға алуда. Расында, шекара бойында иін тіресіп ел отырса, қайнаған тірлік, жайнаған өмір болса, біздің жұртқа ешкім де қыр көрсете алмас еді?! Қытай мен Қазақстанның шекаралық аудандарының арасында демографиялық дисбаланс жылдан жылға ұлғайып барады. Қазіргі күнде бұл біздің елімізге айтарлықтай мәселе туындатып тұрмағанымен, келешек ұрпақ үшін қолайсыз геосаясаттық жағдай қалыптасуы мүмкін екені анық. Мәселен, соңғы он бес жылда Қытайдың шекаралас аудандары қайнаған орталыққа айналып, ел экономикасын ілгерілетуге өз пайдасын тигізуде. Ал мемлекет тарапынан салықтан белгілі уақытқа дейін босату сынды тағы да басқа жеңілдіктер қарастырылған. Өзге мемлекеттердің тәжірибесінде шекаралас аудандарда тұратын халыққа материалдық жағынан көмек пен түрлі жеңілдіктер қарастырылған екен. Бұл өз кезегінде халықтың сол аймақта тұрақтанып, тіршілігін жалғастыруға демеу екені анық.  Ал біздің елдегі шекара аудандарының жағдайы мүлдем басқа. Осы мәселелерді шешу жолында, бұдан басқа да сәтті тәжірибе бар. Мысалы, бізге көршілес Ресей Федерациясының Қосағаш ауданында мемлекеттік арнайы қабылданған бағдарламаның арқасында соңғы 25 жылдың ішінде аудан халқының саны 1,5 есеге өсті.

Шекаралас аумақта халықты сақтап қалудың бір жолы – инфрақұрылымды дамыту деп жатады. Қазір бұл тұрғыда мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалуда. Алайда инфрақұрылымнан бөлек жаңа кәсіпорындар ашудың, нарыққа шығудың жолдарын қарастырудың маңыздылығы арта түсті. Әрине, кез келген ауылдың темірқазығы – ауыл шаруашылығы ғой. Алайда бұл жерде де көп нәрсе ескеріле бермейді. Ал енді бұл аймақтың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталсақ, дәнді дақылдар өсіруге қолайсыз. Қатонқарағай округі бойынша 350-ге жуық шаруа қожалықтары бар. Бұған қоса шаруа қожалықтарының барлығы кішігірім, отбасылық болып келеді. Ал олар өз бетімен нарыққа шыға алмағандықтан, көбіне делдалдарға жем болып отыр. Мемлекеттік «Агробизнес-2020», «Сыбаға», «Құлан» сынды бағдарламаларымен кәсібін бастап шаруашылығын өркендетіп жатқандар бар. Бірақ та аталмыш мемлекеттік женілдіктер барша қазақстандық ауыл шаруашылық субьектілеріне бірдей болғандықтан үлкен жетістіктерге жету қиын. Ал соңғы жылдардағы экономикалық ахуал бұл шаруашылыққа кері әсер етуде. Өткен жылы елімізде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңның ауыл шаруашылығы өнімдерін нарыққа шығаруға үлкен демеу болары анық. Мәселе енді ғана қолға алынуда. Біріншіден, шалғайдағы өнімдерді қалаға жеткізу жолдары ойластырылу қажет. Мүмкін кішігірім аэропландарды іске қосуға болатын шығар. Екіншіден, үлкен партиялармен уақытында жеткізілген тауар шаруаға тек пайда әкелері анық. Яғни, әр өндіруші өзіне тиісті үлесін алады. Үшіншіден, бұл бірнеше мәселені біріктіріп, ауыл экономикасына үлкен серпін береді. Осы тұрғыда тағы бір ұсынысым, жергілікті шаруаларға шекаралық аймақта отырғаны ескеріліп, нарықтан алыс аймақ ретінде жеңілдікпен субсидиялар берілсе, ұтарымыз көп. Ал кооператив құрылса, мемлекет тарапынан көп мүмкіндіктер ашылатыны сөзсіз.

  – Былтыр депутат Берік Дүйсенбинов шекаралық елді мекендердің ахуалын көтергенде білім беру ошақтарының азайып кеткендігін тілге тиек еткен-ді.

– Парламентте бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Бүгінде шекаралық аудандарға ерекше мәртебе беретін заң шығарып, арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сай, елімізде орта есеппен жылына 100-ге жуық мектеп жабылады екен. Мектеп білім ордасы болумен бірге, бүгін ауылдағы жұмыс беретін орын, ауылдың қасиетті қара шаңырағы. Сондықтан мектептерді сақтап қалу да назардан тыс қалмағаны жөн. Мүмкін, мектептердегі оқушылар саны туралы нормативке өзгерістер енгізу қажет шығар.

Мемлекет инвентаризация үрдісі аясында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін анықтаған болатын. Бұл өте тиімді үрдіс. Соның әсерінен ауылды дамыту хақында үлкен жоспарлар дайындауға болады. Шекара аудандарының жағдайларын зерттеп, шекара аудандарында тұратын халықты тұрақтандыруға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдаудың уақыты жеткен сияқты. Шекаралық ауылдарда мақсатты түрде жұмыс орындарын көптеп ашу – кезек күттірмес іс. Жабылып қалған мекемелер мен мектептердің ашылуын, бюджеттік қызметкерлер жалақысына 50-60 пайыздық үстеме төлеу, кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасау, жас мамандардың қияндағы алыс ауылдарға барып, тұрақтап қалуы үшін шекаралық аудан тұрғындарына арналған түрлі жеңілдіктер қолға алынуы тиіс.

– Білуімізше, Қатонқарағай, Марқакөлге келетін туристер көп. Өңірдегі туризм кластерін дамыту мәселесі қалай жүзеге асуда?

– Шығыс өзінің табиғатымен, саф ауасымен кез келген жанды тамсандыратыны сөзсіз. Біздің Қатонқарағай, Марқакөлдерімізге жыл сайын көрші Ресейден талай туристер келіп, демалып қайтады. Бұл аумақтың табиғатына тамсанған демалушылардың айтары туризмді дамытса, шетелдік курорттардан еш кем түспейтін орын дегенге саяды. Ал ол үшін инвесторларды тартып, кәсіпкерлерді қызықтыру қажет-ақ. Сондықтан туризмді дамытуды қолға алса, кәсіпкерлер де қызығушылық танытып, қаншама демалыс орындары ашылар еді. Ал мұндай кәсіп түрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, тұрақтанып қалуына сеп болатыны анық. Демек, аймақтың туристік әлеуеті мол, бірақ осы мүмкіндікті толық пайдаланбай жүрміз. Қатонқарағай ауданына 1 жылда 3000 жуық саяхатшы келеді. Оның ішінде шетелдік туристердің саны 200-ден аспайды. Бұл аздық етеді. Сондықтан бірінші кезекте бұл жақта инфрақұрылымды жақсарту қажет, шипажайлар салумен қатар демалушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру қажет, сондай-ақ аса маңызды мәселелердің бірі жолдарды жөндеу. Біздегі Алтай тауларымен сілемдесіп жатқан Ресей мен Моңғолия туризмін әжептәуір дамытып алды. Жазғы уақытта демалушылар ол елдің бюджетін бірнеше миллионға толықтыратыны жасырын емес. Туризмді дамыту үшін ең алдымен үгіт-насихаттан бастау керек.Осы мәселелерді шешудің жолын қарастыратын бағдарламалар қабылданып, 2016-2020 жылдар аралығында іске асырылмақ.

 

 

Редакция таңдауы

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...
rawimage

АҚШ 2050 жылға қарай зиянды қалдық шығаруды тоқтатпақ

2050 жылға қарай Америка Құрама Штаттары планетаның атмосферасына таралатын зиянды шығарындыларды нөлге...
20160121 wed 7472

Қазақстандық суретшінің жұмыстары People америкалық журналында жарияланды

Америкалық People журналы қазақстандық суретші Қанат Нұртазин туралы мақала жариялады, деп хабарлайды...
eo6cwkvw4ae20bb

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 23 сәуірді Дүниежүзілік кітап және...

Жаңалықтар

АҚШ 2050 жылға қарай зиянды қалдық шығаруды тоқтатпақ

2050 жылға қарай Америка Құрама Штаттары планетаның атмосферасына таралатын зиянды шығарындыларды нөлге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден климаттың өзгеруіне қарсы...

Қазақстандық суретшінің жұмыстары People америкалық журналында жарияланды

Америкалық People журналы қазақстандық суретші Қанат Нұртазин туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz. "Танымал тұлғалардың, фильм кейіпкерлерінің бейнесін жапыраққа ойып бейнелейтін астаналық жігіт Қанат Нұртазин...

Miras республикалық қоғамдық кеңесінде отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

«Nur Otan» партиясы жанындағы Miras республикалық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамдағы биылғы алғашқы отырысы өтті. Парламент депутаттары, уәкілетті министрліктер мен мекемелердің басшылары, кино саласының мамандары,...

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 23 сәуірді Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні деп жариялау туралы шешім қабылданды. Осы мереке арқылы...

Петропавлда балықшылар Есіл өзеніне көлікпен түсіп кетіп, мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар балық аулауға шығып, көлігімен суға кеткен ер адамның денесін Есіл өзенінен алып шықты. СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 22...

Полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді

Ақмола облысында полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні Ақмола облысының...

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасалған вакцинаға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Коронавирус: елімізде 823 мыңнан астам адам вакцина алды

Қазақстанда 823 498 адамға коронавирус вакцинасы егілді, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 23 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 823 498 адам коронавирус вакцинасының бірінші...

Жүйелі жұмыс, өнімді іс

Осы аптада еліміздің барлық аймағында  «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымдарының  есеп беру жиналысы басталды. Бір апта ішінде партия мүшелері ұйымдардың 2019-2020 жыл ішінде...

Шымкенттегі Дендросаябақ ұжымы айыппұл салған полицейді сотқа бермек

Шымкенттегі дендросаябақ ішінде көлікпен жүргендердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, халықтың қызу талқысына түскен еді. Көліктегі 6 азамат та Асанбай Асқаров атындағы дендропарктің қызметкерлері болып...

Елімізде коронавирустан 32 адам қайтыс болды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің 21 сәуірдегі дерегі бойынша елімізде 32 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Оның үшеуі КВИ-, 29 науқас – КВИ+. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы...

Бокстан әлем чемпионаты: Дана Дидай күміс жүлдегер атанды

Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Дана Дидай күміс жүлдегер атанды. Д.Дидай 75 кг салмақта соңғы бәсекеде үндістандық Санамача Чану...

Заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 130 адам қаза тапты

Заңсыз мигранттарды алып келе жатқан қайық Ливия жағалауында аударылып, 130-ға жуық адам қаза тапты, – деп жазды Life.ru. SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымы Ливия жағалауында...

Өткен тәулікте 3 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 22 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 2894 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 511, Алматы қаласы - 698,...

Соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі

Ақтөбе облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, өңірде 6 706 соғыс және еңбек ардагері тұрады: 20 соғыс ардагері, 1 714 Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген,...

23 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

2004 жылы 23 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы құрылды. Оның бас директоры болып профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева тағайындалды....

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидромет мамандарының болжамына сүйенсек алдағы бірнеше күн еліміздің 8 бірдей өңірінде ауа райы күрт өзгереді. 23-25 сәуірде...

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш...

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырады. 1 мамырдан бастап Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысын жүргізу мақсатында жабылады....

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қазіргі отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес барысында «Nur Otan»...

Атышулы Q-рор тобының мүшелері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен ұсталды. Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстаған. Топты басқарған – 1994 жылы туған...

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш...

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Жайсыз хабар туралы өнер иесінің...

Nur Otan: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмысы тиімсіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаражат бөлінгеніне қарамастан, жекелеген елдімекендерде адамдар әлі күнге дейін суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясындағы...

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі тағайындалды

Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. «Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы...

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30...

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде...

Ынтымақты елдің баласы бақытты

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігі, татулығының арқасында шаңырағымыз шай­қалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер…»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы...

Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды – Қ.Тоқаев

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қазіргі...

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық зерттеулер институтында жасалды. ХХ ға­сыр­дың басында өзінің жынысына көңілі толмайтындарға шизофрения диагнозы...

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға...

Телеарна рейтингі талғам таразысы ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты жария­лан­ған карантин шектеулері телеаудитория ау­қымын ұлғайтты. Бұл құбылыс әлем елдерімен қатар Қа­зақстанда да байқалып отыр. Карантин шектеулері жұртшылықты үйде отыруға, ірі...

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының...

Алматыда көлік кеңесі құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сарапшылар қауымдастығы және белсенді қалалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, бірыңғай...

Ине ұшындағы иммунитет

Былтыр қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлем халқының шамамен 70 пайызы вирусқа қарсы вакцина алған кезде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Елімізде вирусқа...

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды дегеніміз – мақтаныш үшін айтыла салған сөз емес, тарихи шындық! Осы жылдың 20-22 наурызында Түркістан қаласында өткен ме­диа фо­рум­да тарих...

Президент еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бесінші –...

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын...

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы...

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. «Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің...

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания...

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп...

«Роза Рымбаева да ауырып тұрыпты». Әнші Майра Мұхамедқызы вакцинаның әсерін ауыр өткергені туралы айтты

Опера әншісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы вакцина ектіргеннен кейінгі хал-ахуалы жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.  Әншінің айтуынша, 3 күнге дейін...

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі

Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді. "Бас прокуратура өлім жазасы бойынша...

Аудандық мәдениет үйінің құрылысы партияның бақылауында болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін...

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады, деп хабарлайды malim.kz. Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай...

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас...

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ "кері байланыс" қағидаты бойынша...

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп...

Өткен тәулікте 2 893 адам індет жұқтырған

Елімізде өткен тәулікте 2893 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020 сайтында ресми хабарланды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 574, Алматы қаласы - 695, Шымкент қаласы...

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, - деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып. “Бұл технологияны таныстыру,...

Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ...

30-жылдардағы ашаршылық зерттеледі

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ұйымдастырған экспедиция барысында зерттеушілер тарихи маңызға ие орындарды аралап қайтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Экспедиция мақсаты – 1930-жылдары болған ашаршылық...

Алматыда тауға шығуға тыйым салынады

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда,...

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан...

Үндістанда жаңа мутация пайда болды

Коронавирустың жаңа мутациясы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталды деп мәлімдеді Геномика және интеграциялық биология институтының қызметкері Винод Скария. Батыс Бенгалияда коронавируспен ауырғандар саны артқан: соңғы...

Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы...

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? – Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі...

Мәжіліс депутаты жол салуға көбірек ақша жұмсауды ұсынды

Жол салған кезде сапаға баса назар аудару қажет. Депутат Шәміл Осин 21 сәуірде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында вице-премьер Роман Склярға ұсыныс тастады, - деп...

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам,...

Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы...

АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді. – Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын...

Түркістанда банк қызметкері тұрғындар атынан несие алған

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның атынан артығымен несие рәсімдеп, ақша жымқырып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеп отыр. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған....

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы...

АҚШ елшісі: Қазақстан біздің вакциналарды сатып алса деймін

Енді АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакциналары елімізге жеткізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер 21 сәуірде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды regnum. Елші АҚШ-тың...

Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді. Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына...

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр...

Экс-министр Елжан Біртанов: Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады, деп жазды informburo.kz порталы. "Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бұрынғы Денсаулық сақтау минстрі...

Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер...

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви...

Нәсілдер қақтығысы: АҚШ-та митинг басталды

Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицей 16 жастағы Макайя Брайант есімді  қара нәсілді қызды атып өлтірді. Осыған байланысты наразылық білдірушілер полиция ғимаратына жинала бастады. Бұл туралы...

Ақпанда жоғалған Атырау облысы тұрғынының денесі контейнерден табылды

Атырау облысында ақпан айының басында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов өлі күйде табылды, деп хабарлайды azh.kz. Ол қала маңындағы Талғайран ауылының тұрғыны болған. Атырау...

Ағылшын футбол клубтары Суперлигадан шығатынын мәлімдеді

"Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Арсенал" және "Тоттенхэм Хотспур" ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында...

400 жаңа мектеп салынады: Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Келесі жылдың соңына дейін 400 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында...

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды...

АҚШ-Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, біздің ел...

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті...

9 мамырда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Ташкентте 9 мамыр күні сағат 21: 00-де Еске алу және құрмет тұту күніне арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы президенттің Жарлығына сілтеме жасап УзА...

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай алады. Құрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды. Жоба «Nur Otan»...

Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды...

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды...

Депутат техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет әлеуметтік салаға жіті...

Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл...

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалықтың баласы құтқарылды

Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мәліметінше, кішкентай итбалық орталықта екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса,...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған...

«Талап етеміз!». Атырау облысында тағы да жер дауы туды

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, -...

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты. Алматы әкімі...

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі...

Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде...

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі...

Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

Марафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді. З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын...

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып,...

21 сәуір: тарихтан орын алған маңызды оқиғалар

1925 жылы 21 сәуірде «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Бастапқыда «Әйел теңдігі», «Сталин жолы» деп аталды. 1955...

Боао азиялық форумы: Елбасы бейнеүндеу жасады

Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі көрсетілді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы конференцияның негізгі тақырыбы –...