Неге Американың алып банктері біріге бастады?

Неге Американың алып банктері біріге бастады?

Неге Американың алып банктері біріге бастады?
ашық дереккөзі
JPMorgan, Bank of America және тағы бес банк бірікті. Олар Apple Pay мен PayPal-ға бәсекелес болу үшін бас қосты деп жазды WSJ басылымы. JPMorgan, Bank of America, Wells Fargo және төрт банк бірігіп, цифрлы қалтаны жасамақ. Яғни, сатып алушылардың аталған банктерге байланған картасы арқылы онлайн-магазинге төлем жасауына әсер етпек. Құрамына бірнеше банк қарайтын Early Warning Services (EWS) компаниясы жобаға басшылық етеді. EWS бұған дейін де банктермен бірігіп басқа да жоба аясында бірге жұмыс істеп келеді. Банктер 2023 жылдың екінші жартысынан бастап жобаны іске қоспақ. Дереккөзге сүйенсек, Apple Pay мен PayPal-ға бәсекелес ретінде бұл сервис жұмыс істемек. Оны тек EWS банк иелері мен қолданушылары ғана пайдалана алады, ал сервис қосылатын кезде 150 миллион Visa мен Mastercard банк карталары дайын болмақ. Жеке қосымша керек, себебі Apple Pay мен PayPal сыртық операторлар деп жазған WSJ. Банк иелері клиенттеріне қатысты қарым-қатынаста бақылаудан айырылып қалудан және олардың алаяқтардың қақпанына түсіп қалуынан алаңдайды. Бұған дейін JPMorgan өзінің Chase Pay цифрлы қалтасына іске қосқан. Алайда ол Apple Pay-мен бәсекелес бола алмай, 2015 жылы іске қосылып, 2020 жылы қайта жабылды.