Рыбакина – Australian Open жартылай финалына шыққан тұңғыш қазақстандық

Рыбакина – Australian Open жартылай финалына шыққан тұңғыш қазақстандық

Рыбакина – Australian Open жартылай финалына шыққан тұңғыш қазақстандық
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкодан басым түсті. Есеп – 6:2, 6:4. Қарсыластар бұған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де латвиялық спортшы басым түскен еді. Айта кетейік, енді Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен бақ сынасады.