Жаңалықтар

Әскерде өзіне қол жұмсаған: деректерді жариялаған адвокат жазалануы мүмкін

ашық дереккөзі

Әскерде өзіне қол жұмсаған: деректерді жариялаған адвокат жазалануы мүмкін

Өзіне қол жұмсаған сарбаздың мүддесін қорғаушы, адвокат Сержан Пірәлиев істің деректерін жариялағаны үшін жазалануы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 20 қаңтарда адвокат әскеридің өзіне қол жұмсау фактісі бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Ол ДНК талдау кезінде анықталған фактілерге тергеушілердің назар аударуын сұрады. Сондай-ақ Пірәлиев сарапшылар марқұмның аузынан ер адамның биоматериалын тапқанын айтты. «Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – ҚР Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды», – делінген хабарламада. Айта кетейік, 2022 жылы 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Шөлдала шекара бөлімшесінде әскери қызметші өзіне қол жұмсады. Ол белбеуіне асылулы тұрған күйінде табылды.