Кейінгі екі аптада 104 адам суықтан қайтыс болған

Кейінгі екі аптада 104 адам суықтан қайтыс болған

Кейінгі екі аптада 104 адам суықтан қайтыс болған
ашық дереккөзі
Ауғанстанда кейінгі екі аптада қалың қар мен аяздан 104 адам құрбан болды. Бұл туралы Ауғанстанның Табиғи апаттар мен гуманитарлық мәселелер министрлігінің өкілі Шафиулла Рахими мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Шафиулла Рахими жергілікті БАҚ өкілдеріне Тахар, Бадахшан, Нимроз, Кандагар, Лагман, Газни, Урузган, Джаузджан, Сари-Пуль, Фарьяб, Пактик, Балхе, Саманган, Бамиан қалалары мен елдің өзге де бірқатар аймағында, балалар мен әйелдерді қоса алғанда, аяз салдарынан 104 адамның құрбан болғанын мәлім етті. Ауғанстанда жылыту жүйесі жоқ, сондықтан тұрғындар жылыну үшін көбіне көмір, ағаш пен сұйытылған газды пайдаланады және елде газдан уланып, көмірқышқыл тотығынан қайтыс болу жағдайлары жиі болып тұрады. Ауғанстанда қаңтар айының басынан-ақ күн қатты суытып, қалың қар жауды. Кей аудандарда ауа температурасы 30 градус Цельсиге дейін төмендеді.