Алматылық оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматылық оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматылық оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Алматыда полиция оқушының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Кейбір деректер бойынша, жасөспірім Алатау ауданындағы дүкендердің бірінде өлтірілген. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алып жатыр.
Қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқушыны өлтіру фактісі Алатау ауданында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
«Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр», - дейді полицейлер.
Айта кетейік, осы қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.