Өзбекстанда рақымшылыққа 40 мың адам ілікті

Өзбекстанда рақымшылыққа 40 мың адам ілікті

Өзбекстанда рақымшылыққа 40 мың адам ілікті
ашық дереккөзі
Бұған дейін Өзбекстан мемлекеті рақымшылық жасау туралы мәселені қарастырған болатын. Өзбекстан парламентінің 2016 жылғы 12 қазандағы рақымшылық жөніндегі қаулысына сәйкес, 39 мың 748 адам рақымшылыққа ілінді. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.
Жазадан 5408 әйел, қылмыс жасаған кезде жастары 18-ге толмаған 893 жеткіншек және жастары 60-тан асқан 1045 адам босатылды. Рақымшылық жөніндегі актіге сәйкес, бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен денсаулықтары нашар, әртүрлі созылмалы аурумен ауыратындар да босатылады. Бұл тармаққа сәйкес, 144 адам бостандыққа шыққан. Рақымшылық алған азаматтарға денсаулық сақтау саласы мен күш құрылымдары тарапынан бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Құрт ауруына шалдыққан азаматтар арнайы медициналық мекемеге жіберіледі. Ал жалғызбасты азаматтар «Саховат» және «Мурувват» үйін паналайтын болады. Кәмелеттік жасқа толмағандар ата-аналардың немесе қамқорлыққа алған отбасының бақылауында болады. Қажет жағдайда арнайы оқу орындарына жіберіледі.