Шаруалардың мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы комитетте талқыланды

Шаруалардың мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы комитетте талқыланды

Шаруалардың мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы комитетте талқыланды
ашық дереккөзі

Несиелеуге арналған кепілдік базасы, ауыз су тапшылығы және егіс науқанына дайындық. Осы және өзге де өзекті мәселелер «AMANAT» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитет отырысында талқыланды.

«Оңтүстік өңірдегі шаруалар көктемгі егіс науқанына дайындық жұмысын бастап кетті. Жақын арада өзге аймақтар да іске кіріседі. Бұл ретте, олардың тұқым, жанар-жағармай, техниканы жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер сатып алуыүшін тиісті қаражаты болғаны маңызды. Сондықтан пайда болған мәселелерді уақтылы талқылап, оларды Үкімет деңгейінде көтеру қажет», деді Комитет төрағасы Қайнар Абасов.

Шаруалардың айтуынша, ауыл шаруашылығысаласында ұйымдастырушылық және заңнамалық деңгейдегі мәселелер жетіп-артылады. Мәселен, Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалығының басшысы Сержан Идиатов майлы дақылдар экспортына квота және лицензия енгізу жоспарланып отырғанына қынжылды.

 width=

«Бұл шешім мүлдем дұрыс емес. Егіншіліктің бұл түрі өңір шаруалары үшін негізгі табыс көзі саналады. Біз тиісті органдарға Батыс Қазақстан облысындағы шаруалардың атынан ұжымдық хат жолдадық. Осы мәселені Үкімет деңгейінде көтеруді сұраймыз», деді ол.

Ал Қостанай облысындағы Андрей Двуреченскийесімді кәсіпкер несиелеуге арналған кепілдік базасымәселесін көтерді.

«Бәрінде бірдей кепілге қоюға болатын мүлік жоқ. Мысалы, 150 миллион теңге несие алу үшін 360 миллион теңгенің кепілі қажет. Бұл айтарлықтай қиындық туғызады. Сонымен қатар, қазір бәрі қымбаттап жатыр. Шаруалардың шығыны артып барады. Сондықтан биыл қажетті қаржыландыру көлеміне қол жеткізе алмау қаупі бар. Егер мұныңшешімі қазір табылмаса, өңірдің ауыл шаруашылығында қаржы тапшылығы туындауы мүмкін», – деді ол.

Ал Маңғыстау облысының комитет мүшесі Оңайбек Әбділов су тапшылығы бар өңірде құдыққазуға берілетін субсидияны алып тастау көзделіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл әрекетбылтыр қиын кезеңді бастан өткерген аймақтың агросекторына одан әрі зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, ол маңғыстаулық шаруаларды күн панельдерімен қамтамасыз ету жұмысын қайта жаңғырту қажет екенінатап өтті.

«Мәселенің көбісі қазіргі экономикалық жағдайға байланысты туындап жатқанын түсініп отырмыз. Инфляция мен қымбатшылықтан ең алдымен шаруалар зардап шегеді. Сондықтан көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Келесі отырысқа жауапты ведомстволардың өкілдерін шақыру қажет деп ойлаймын. Мәселен,«Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілін және тағы басқаларды шақырған жөн», – деп қорытындылады Қайнар Абасов.