Жаңалықтар

Азия чемпионаты: боксшы Махмуд Сабырхан финалға шықты

ашық дереккөзі

Азия чемпионаты: боксшы Махмуд Сабырхан финалға шықты

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпарат сайтының мәліметінше, қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джеричо Акайлармен финалдың жолдамасын сарапқа салды. Махмуд екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен жеңді. Төрешілер есебі – 5:0. Махмуд Сабырхан соңғы бәсекеде таиландтық Саравут Суктетпен алтын медаль үшін таласады.