Саяси өзгерістер бәсекелестікті арттырады – сарапшы

23 қаңтар, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Саяси өзгерістер бәсекелестікті арттырады – сарапшы Парламент мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау 19 наурызда өтеді деп белгіленді. Бұл – болжанған, бәрі күткен сайлау. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты деп жазды turkystan.kz.
«2022 жылы маусымда референдум өткізіп, Конституцияны өзгерттік. Міне, осының бәрі бірнеше жыл бойы қоғамда қызу талқыланып келе жатқан талаптың орындалуының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Әсіресе, таза партия атынан сайланатын жүйеге келген соң аралас сайлау жүйесін қостық. Саяси сахнада болып жатқан өзгерістер саясаткерлер арасында бәсекелестікті арттырады. Қарашада Президенттік институтты толығымен жаңарттық. Оның қайта рәсімделіп, қайтадан жаңа талаптарға сай қалыптасуына жағдай жасадық. Енді өкілдік органды жаңартамыз. Бұл аймақтардағы элитаның жаңаруына әкеледі. Облыстың мәслихаты 50 пайыз, аудандық мәслихаттың 100 пайызы өзін-өзі ұсыну арқылы сайланады. Бұл адамның жеке саясаткер ретінде бәсекелес болып, саяси сахнада орын алуына септігін тигізеді», - деп атап өтті.