Канада үкіметі жасаған геноциді үшін өтемақы төлейтін болды

 Канада үкіметі жасаған геноциді үшін өтемақы төлейтін болды

 Канада үкіметі жасаған геноциді үшін өтемақы төлейтін болды
ашық дереккөзі
Канада үкіметі жергілікті елді мекеннің ежелден келе жатқан халқының өкілдерімен кездесіп, оларға жасаған мәдени геноциді, қорлықтары үшін өтемақы төлейтін болып келісті. Бұл туралы Канада үкіметінің ресми сайты жазды. Тілге, мәдениетіне, қорлық көрсеткен әрекеттеріне жауап беру үшін Канада үкіметі жергілікті ежелден келе жатқан халыққа 2,8 млрд канада долларын төлейтін болды. Канада үкіметіне арыз 2012 жылы келіп түскен. Онда 325 жергілікті ежелден келе жатқан халық өкілдері өтемақы төлеу туралы талап қойған. Араға 11 жыл салып, үкімет мұны қабылдаған. Енді тек бұл келісімді Федералды сот қабылдауы тиіс.