Тәжікстанда шенеуніктерге тәжік тілін қайта оқытып жатыр

Тәжікстанда шенеуніктерге тәжік тілін қайта оқытып жатыр

Тәжікстанда шенеуніктерге тәжік тілін қайта оқытып жатыр
ашық дереккөзі
Тәжікстанның Куляб қаласы әкімдігі жергілікті шенеуніктердің сауаттылығын көтеру мақсатында оларға дұрыс жазу дәрісін өткізуді бастады. Куляб қаласының әкімі Хайрулло Амонулло баспасөз мәслихаты кезінде мұндай қадамды мемлекеттік қызметкерлердің тәжік тілін жоғары деңгейде білмейтіндігімен байланыстырды.
Куляб әкімінің сөздерінше, оның қарамағындағылар іскерлік хат алмасуда жиі қате жібереді. «Мен хаттағы қателерді қызыл қаламмен түзетемін. Тіптен бір хатты бірнеше рет түзетіп қайтарып жіберген кездер болды. Сол үшін мен сауатты жазу дәрісін ұйымдастыруға мәжбүр болдым. Оны менің орынбасарларым күніне 1,5 сағат бойында үйретеді», - деді ол. Бұл дәрістерге мемлекеттік қызметкерлер қуана-қуана барып жүр. Дәріс беруші Куляб әкімдігі мәдени бөлімінің меңгерушісі Рамазон Мирзоев мемлекеттік қызметкерлерді тыныс белгі және орфография мен орфоэпияны үйретеді. Көптеген эксперттер қазіргі жастардың сауатсыздығын елде бес жылға созылған азаматтық соғыспен байланыстырады. Тәжікстанның тіл және терминология комитеті екі жыл бұрын жоғары оқу орындарының 500 студентінен тәжік тілінен емтихан алған. Емтихан нәтижесі бойынша студенттердің 80 пайызының деңгейі орташадан төмен болған.