Жаңалықтар

«Сөйле» қазақ тілінде тілдесу клубтары ашылды

ашық дереккөзі

«Сөйле» қазақ тілінде тілдесу клубтары ашылды

Еліміздің 12 өңірінде тегін қазақ тілі курсы ашылды. «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубының жиынын өткізуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тіл үйренушілерге жай ғана ынта танытқан мұғалімдер емес, жаңашыл әдістерді меңгерген мамандар сабақ береді. «Тілді тиімді әдіс бойынша үйретеміз. Біз тек сабақ өткізіп қана қоймай, театр, қазақ фильмдерінің көрсетілімі сынды мәдени орындарда ұлттық мәдениетпен таныстыруды көздейтін түрлі іс-шара ұйымдастырамыз. Қатысушыларымыз тек тіл үйреніп қана қоймай, қоғамдастығымыздың бір мүшесі болғанын қалаймыз. Қатарымызға барынша көп адам қосылып, қазақ тілін үйренушілердің саны артса екен дейміз», - деді Яков Федоров есімді белгілі блогер.