Тоқаев Сот әкімшілігінің басшысын тағайындады
Наиль Ахметзакиров ҚР Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.
Наиль Ахметзакиров 1983 жылы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.
Бұған дейін Жоғары Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.