Бішкекте құлаған ұшақтың қара жәшігіндегі ақпарат алынды

Бішкекте құлаған ұшақтың қара жәшігіндегі ақпарат алынды

Бішкекте құлаған ұшақтың қара жәшігіндегі ақпарат алынды
ашық дереккөзі
Бішкек маңында құлаған «Боинг -747» ұшағының қара жәшігінен қажетті мәліметтер алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қырғызстанның көлік және жол министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәшіктердегі ақпарат Мемлекетаралық авиация комитеті тергеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін жарияланады. «Қазіргі таңда ұшақтың сынықтары әуежайдың ұшақ тұрағына орналастырылуда. Қолдағы бар бөлшектерден Боингтың макеті жасалынады. Қалдықтардың жартысы қосымша сараптама жасау үшін және апаттың себебін анықтау үшін АҚШ-қа жіберіледі», — деп түсіндірді министрлікте. Еске сала кетейік, 16 қаңтар күні сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing-747 жүк ұшағы құлады. Апат салдарынан 38 адам мерт болды.