Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Ердоған Түркияда президент сайлауы өтетін күнді белгіледі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі президент парламент сайлауы 14 мамырда өтетінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған Бурса провинциясында жастармен кездесуі кезінде мәлімдеді.
Бұған дейін саяси науқан 2023 жылдың 18 маусымына жоспарланған. Алайда бұл мерзім жазғы демалыстармен, саяхаттау уақытымен тұспа-тұс келетіндіктен, қайта өзгертілді.

Айта кетейік, Ердоған жалпыға ортақ сайлау күні туралы президенттік жарлыққа 10 наурызда қол қоюды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button