Жаңалықтар

Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік 20 теннисшінің қатарына кірді

ашық дереккөзі

Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік 20 теннисшінің қатарына кірді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңгеннен кейін жоғары көрсеткішке ие болды деп хабарлады turkystan.kz. Рыбакина WTA әйелдер теннисі қауымдастығы рейтінгісінде  үздік 20 теннисшінің қатарына кірді. Онда 1945 ұпай жинап, 16-орынға тұрақталды. Бұған дейін Рыбакина тек 25-орында болған, бірақ Австралиядағы ашық ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Швентекті жеңіп, тізімде жоғары орынға көтерілді. Айта кетейік, Australian Open турнирінде Рыбакинаның келесі матчы 24 қаңтарға жоспарланған. Ол жартылай финалға шығу үшін Латвиядан Елена Остапенкомен ойнайды.