Қазақстан азаматы Омбыдан заңсыз 300 кг балық өткізбек болған

Қазақстан азаматы Омбыдан заңсыз 300 кг балық өткізбек болған

Қазақстан азаматы Омбыдан заңсыз 300 кг балық өткізбек болған
ашық дереккөзі
Омбы облысынан Қазақстанға ветеринариялық құжаттары жоқ 300 келіге жуық балықты тасымалдаған азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Омбы облысы бойынша ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметінің кеңсесі мәлімдеді.
«Омбы қаласынан Қазақстан Республикасының азаматы «Есілкөл» бекетінде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз 286 кг мұздатылған балықты тасымалдамақшы болған», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша, Омбы облысы Россельхознадзор басқармасының қызметкерлері өнімді әкетуге жол бермеу және оны Ресей Федерациясының аумағына қайтару туралы шешім қабылдады. Мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  width=