OpenAI. ChatGPT. Google: технология әлемін жаңа революция күтіп тұр
OpenAI. ChatGPT. Google: технология әлемін жаңа революция күтіп тұр
OpenAI компаниясы адамзат тарихындағы революция алып келетін ChatGPT чат-ботын іске қосқанын мәлімдеді. Дәл қазір IT индустриясы, бизнес әлем, ақпарат пен технология саласы алыптарының офисінде үрей мен алаңдау басталды. Бұл үрей, тіпті, Apple, Google, Facebook секілді монополист корпорациялардың өзін ойландырып қойды. Әсіресе Google-де қазір дүрбелең боп жатыр.
ChatGPT қасындағы әңгімелесушісімен саналы түрде диалогқа түсе алады: сұрақтарына жауап береді, кеңес беріп, ең қиын жағдайда түсіндіру жұмысын жасайды. Бұдан бөлек, чат-бот кодтағы қателіктерді таба алады, өлең, сонет жазады, сценарий түзіп, мектеп оқушыларға арналған түрлі тақырыптағы эсселерді де өзі генерация жасайды. Логикалық түрде бұл теорияларды жоққа шығаруға болады, алайда болашақ біз ойлағаннан да ерте келді.
Жасанды интеллекті интернеттегі өте үлкен ақпарат базасын игеруге үйреткен. Осыдан кейін компанияның тестілеуші тобы модельдің алғашқы нұсқаларының жауаптарын бағалап, кейін жаңа ақпаратпен қайта оқытқан.
OpenAI-дың тілдік моделдері туралы қысқаша түсінік берейік.
Америкалық коммерциялық емес OpenAI компаниясы машинаны оқыту технологиясымен айналысады. Негізін қалаушылардың бірі – Илон Маск. Дәл осы OpenAI-да жасанды интеллектті ойлап тауып, адам өмірін жеңілдетуге бағытталған жобалар жасалады.
OpenAI GPT-дің үші түрлі тілдік моделін іске қосты. Нақтырақ айтқанда, интернеттегі мәтінді оқитын және сұраққа жауапты сүзгілейтін түрлері бар. GPT-3 әлемдегі ең белсенді тілдің бірі болып саналды.