Ирандық шахматшы Қазақстанда неліктен орамалын шешкенін айтты

Ирандық шахматшы Қазақстанда неліктен орамалын шешкенін айтты

Ирандық шахматшы Қазақстанда неліктен орамалын шешкенін айтты
ашық дереккөзі

Испанияға қоныс аударған ирандық шахматшы Сара Хадем Алматыда өткен әлем чемпионаты кезінде неліктен орамалын шешкенін айтты деп хабарлады turkystan.kz The New Indian Express басылымына сілтеме жасап. Жексенбіде El Pais газетінде жарияланған сұхбатта 25 жастағы спортшы өзін хиджабпен жайсыз сезінетінін жеткізген. Шахматшының айтуынша, Алматыда өткен турнирдің алдында ол орамалын камералар болса ғана тағатынын айтқан, өйткені сайысқа Иран атынан қатысады.

«Алайда хиджабта мен өзімді жайсыз сезінемін. Сондықтан бұл жағдайды тоқтатқым келді. Содан кейін орамал тақпаймын деген шешімге келдім, – деді Хадем.
Басылымның жазуынша, ирандық спортшылар халықаралық жарыстарда өз елдерін таныстырған кезде дәстүрлі киім үлгісін сақтауға (қыздардың орамал тағуы) міндетті. Алайда өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда өткен рапид және блиц-шахматтан әлем чемпионатында Сара Хадем бұл талапты бұзып, орамалын шешкен болатын. Турнирден кейін ол Иранға емес, Испанияға ұшып кетті.