Жаңалықтар

Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды

ашық дереккөзі

Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру бүгін, 23 қаңтарда басталды деп хабарлады turkystan.kz. Өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Заңдастыру үшін: – Көлік елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы; – Криминалдық есепте болмауы; – Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығарылуы; – Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек. Айта кетейік, заңдастыруға рұқсат етілген жағдайда көлікті алғашқы тіркеу құны – 200 000 теңге.