Димаш Түркияда жеке концертін өткізеді

Димаш Түркияда жеке концертін өткізеді

Димаш Түркияда жеке концертін өткізеді
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген әлем елдері бойынша «Stranger» атты турнесін жалғастырады. Турне аясында қазақстандық әнші Түркияда жеке концертін өткізеді деп хабарлады turkystan.kz dimash.news Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
«DimashAli» шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды», - делінген парақшада.
Билеттер сатылымы https://www.dimashali.com сайтында Астана уақытымен 23 қаңтар күні, сағат 12:00-де басталады.