Шымкентте көпбалалы анаға қазақстандықтар үй сыйлады

Шымкентте көпбалалы анаға қазақстандықтар үй сыйлады

Шымкентте көпбалалы анаға қазақстандықтар үй сыйлады
ашық дереккөзі

Шымкентте қыс ішінде 6 баласымен далада қалған жалғызбасты анаға халық ақша жинап, екіқабатты үй сыйлады. Әйелдің бала-шағасымен жалдап отырған үйі өртеніп кеткен деп хабарлады turkystan.kz «Халық үні» сайтына сілтеме жасап. Сегіз күн ішінде қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.

«Мен өте қуаныштымын. Бұл менің балаларымның бақыты. Өз баспанамызға қол жеткіздік. Маған көмектескен қарапайым халыққа, барша жанға алғыс айтамын. Осы үйдің қасынан өтіп бара жатып, менікі болса ғой деп армандағанмын. Енді менің арманым орындалды. Балалар үйге қоныстанып, бөлмелерді бөліп алды. Өртеніп кеткен жалдамалы үйді «Елге кызмет» қоры толық қалпына келтірді. Оларға үлкен рахмет», – деді көпбалалы ана Назира Дүйсебаева.
Тұрғын үй алабындағы жаңа үйді отбасы 19,5 млн теңгеге сатып алды.
«Жиналған ақшаға тұрмыстық техника, кілемдер, киім-кешек сатып алынды. Жиналған қаражат қарапайым халықтың ақшасы, көмегі», – деді кәсіпкер.