Жаңалықтар

5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Ал облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с артады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Түнде 23 қаңтарда екпіні 23-28 м/с артады.