Қызылордада 740 грамдық сәби дүниеге келді

Қызылордада 740 грамдық сәби дүниеге келді

Қызылордада 740 грамдық сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі
Қызылорда облысының перзентханасында кішкентай Айдананы анасымен бірге үйіне шығарды. Сәбидің туған кездегі салмағы небәрі 740 грамм болған деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Айдана жүктіліктің 23-аптасында дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің бойы 34 сантиметр, ал салмағы 740 грамм болған.
«Бұл бала туғанда бір парақ қағазға сыйып кететін еді. Оның тыныс алуы да қиын еді. Алайда біз ұжым болып, оның өмірі үшін күрестік. Анасы да бар күш-жігерін салды», - деді перзентхана мамандары.
Назерке Жаппасбаева сәбиімен бірге ауруханада 75 күн жатып шықты. Соның басым бөлігін нәрестелердің жансақтау бөлімінде өткізді. Соңғы үш апта ғана палатада болды.
«Негізі, жүктілік жақсы өтіп жатқан. Бірақ, 23-аптада кенеттен толғақ қысып, балам мерзімінен бұрын туды. Айдананың салмағы өте аз болған. Бірақ, кәсіби мамандардың арқасында салмақ жинап, жақсы болып кетті», - деді Назерке.
Екі айдың ішінде Айдананың салмағы 2 000 грамға дейін жетті. Артынан жағдайы жақсарды. Дәрігерлер оны анасымен бірге салтанатты түрде үйіне шығарып салды.