Павлодар облысында бір отбасы ыстан уланып қалды

Павлодар облысында бір отбасы ыстан уланып қалды

Павлодар облысында бір отбасы ыстан уланып қалды
ашық дереккөзі
Әйел адам мен екі баласы ауруханаға жатқызылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық ТЖД мәлімдеуінше, 2023 жылғы 21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылындағы үйлердің бірінде пешті пайдалану кезінде 1976 жылы туған әйел адам мен 2004 және 2021 жылдары туған екі бала улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түскен.
«Апаттың орын алуына өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау, яғни пештің мұржасын ұзақ уақыт тазаламау себеп болған», - деді департаментте.
Зардап шеккендердің жағдайлары орташа дәрежеде. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері барған. Департаменттің хабарлауынша, профилактикалық жұмыс барасында осы үйде 2022 жылғы 7 қазанда тұрғын секторды аралау жүргізілген. Рейд барысында мамандар жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірген.