Президент Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты

Президент Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты

Президент Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
«Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет», - деді Президент.