Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
ашық дереккөзі
Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жүрген 39 жастағы азамат Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлық агенттігінің ақпаратына сәйкес, ол жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді.
«Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.