Универсиада: Қазақстан қоржынына 6-шы медаль түсті

Универсиада: Қазақстан қоржынына 6-шы медаль түсті

Универсиада: Қазақстан қоржынына 6-шы медаль түсті
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасының мүшелері Данил Васильев пен Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, универсиаданың күміс медалін иеленді. Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды. Ал Святослав Назаренко мен Никита Девяткиннен құралған Қазақстанның екінші командасы 381,7 ұпай жинап, сегіз қатысушының ішінен жетінші орынды иеленді. Айта кетейік, универсиадада Қазақстан құрамасы әзірге 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.