Жаңалықтар

Алматыда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандардың саны өсті

ашық дереккөзі

Алматыда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандардың саны өсті

Алматы қаласында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Бұл туралы Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, өткен аптада қалада ЖРВИ-дің 17 739 жағдайы тіркелді. Бұл оның алдындағы аптадағы көрсеткіштен 13,1%-ға жоғары және өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 2,9 есеге жоғары. Сондай-ақ аурудың 64,1%-ы балалар арасында тіркелді. «Мегаполисте маусымдық тұмаудың үш түрі, оның ішінде А типті тұмаудың екі түрі (А/H3N2, А/H1N1 pdm09) және В типті вирустары айналымда жүр. Сонымен қатар, басқа да ЖРВИ айналымда бірге жүр, оның ішінде РС вирусы, бокавирус, риновирус және маусымдық коронавирус. Айта кету керек, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақтылы вакцинация. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша айлары) тек ағымдағы жылғы вакцинамен алу керек. Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы сақталады (1 жылға дейін)», - деп хабарлады Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінде.