Қысқы Универсиада: ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

АҚШ-та өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде түсті деп хабарлады turkystan.kz Qazsport арнасына сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы командалық шаңғы жарысында (3х5км) отандастарымыз үшінші орын алды. Ел намысын Айша Ракишева, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина абыроймен қорғады.
Универсиада алтынын Финляндия құрамасы жеңсе, күміс жүлде Норвегияға бұйырды.
Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 2 қола жүлде бар.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!