Жетісу облысында газ баллоны жарылып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті

Жетісу облысында газ баллоны жарылып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті

Жетісу облысында газ баллоны жарылып, 2 адам жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөзі
Жетісу облысында газ баллоны жарылып, 4 адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. Оның екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. 66 және 42 жастағы әйелдердің денесінің 40-50 пайызын күйік шалған. Ал тағы 61 жастағы ер адам мен 3 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр. Олардың қол-аяқтары күйген.
«20 қаңтарда сағат 13:36-да Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйдің бірінде көлемі 5 л. газ баллоны жарылды. Салдарынан қызыл жалын үйдің 100 шаршы метр аумағын шарпыды. Зардап шеккен төрт адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды. Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері және 2 техника күшімен өрт сағат 14.15-те сөндірілді»,- делінген Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
  Жарылыстың алдын-ала себебі - қатты отынмен жылытылатын пештің жанына 5 литрлік газ баллонын жылытуға қойған.
«ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға шақырады», - делінген хабарламада.