Кардиохирург Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы туралы айтты

20 қаңтар, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Кардиохирург Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы туралы айтты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
«Емдеу процедурасы өткен жылы жоспарланған болатын. Пациенттің жұмысбастылығына байланысты процедураны ыңғайлы уақытта өткізу туралы шешім қабылдады. Таңдау бүгінге түсті. Айта кететін жайт, кез келген пациент кейбір медициналық ақпаратты жария етпеуге құқылы. Нұрсұлтан Назарбаев 2,5 сағатқа созылған емдеу процедурасынан сәтті өтті. Пациенттің қазіргі жағдайы жақсы. 1-2 күнде үйге шығарылады», - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя елордада өткен брифингіде.
Сондай-ақ дәрігер Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалмағанын, нақтысы емдеу-диагностикалық процедурадан өткенін айтты. Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалғаны туралы хабарланған еді.