Таразда болған өрт кезінде құтқарушыны тоқ соққан

Таразда болған өрт кезінде құтқарушыны тоқ соққан

Таразда болған өрт кезінде құтқарушыны тоқ соққан
ашық дереккөзі
Тараздағы базарда болған өрт кезінде құтқарушыны тоқ соқты деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 қаңтарда сағат 13:22-де Тараз қаласы, Ақсай базарындағы сауда орнында болған өрт кезінде құтқарушыны ғимарат маңында үзілген электр сымынан шыққан тоқ соққан, - делінген хабарламада.
Оқиға өрт сөндіру жұмыстарына дайындық кезінде (жауынгерлік қанат жаю) болған. Тоқ соққан адам Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау кіші сержанты, 1998 жылы туылған Нұрболат Қонақбай.
«Абырой болғанда, құтқарушының жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында болады»,- деп толықтырды баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Тараз базарынан өрт шығып, 4 адам құтқарылғанын хабарлаған болатынбыз. 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Jambyl oblysynyń ТJD (@jambyl_tjd)