Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды – Ерлан Қошанов

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды – Ерлан Қошанов

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы биылғы 19 наурызға тағайындаған Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға қатысты мәлімдеме жасады. «AMANAT» партиясы – еліміздегі байыпты бастамалардың, оң өзгерістердің басты қозғаушы күші. Біз жалаң ұран, құрғақ уәде емес, нақты істермен айналысып келеміз. Оған – халық куә! Сондықтан біз алдағы сайлаудың ұлтты ұйыстыратын, елді біріктіретін саяси науқан болғанын қалаймыз. Мемлекеттің мүддесі, елдің болашағы жолында жақтастарымызбен де, сыншыларымызбен де қоян-қолтық, конструктивті жұмыс істеуге дайынбыз. Барлық қазақстандықтарды алдағы сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз», – деді «AMANAT» партиясының төрағасы.