«Медеу» саябағының директоры ұсталды

20 қаңтар, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
«Медеу» саябағының директоры ұсталды «Медеу» табиғи саябағының басшылары пара алғаны үшін ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. «Медеу» директоры Алмас Аттапханов, оның орынбасары Алмас Айқымбаев және ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Асқар Жанаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Олар мемлекеттік сатып алу туралы келісімшатқа байланысты кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген.