Парламент сайлауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады – Әлішер Тастенов

Парламент сайлауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады – Әлішер Тастенов

Парламент сайлауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады – Әлішер Тастенов
ашық дереккөзі
19 қаңтарда Мемлекет басшысы Мәжіліс пен мәслихатты тарату туралы Жарлыққа қол қойып, кезектен тыс парламенттік сайлау күнін 19 наурызға белгіледі. Осы орайда, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әлішер Тастенов алдағы саяси науқанға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Парламент сайлауы саяси жүйені түпкілікті қайта жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады. Қайта жаңғырту саяси және экономикалық саладағы барлық заманауи сын-қатерлерге төзімді сапалы жаңа теңгерімді саяси модель құруға бағытталған. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы іс жүзінде жүзеге асады. Енді Мәжіліс депутаттарының 70%-ы партиялық тізім бойынша, 30%-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады», - деді сарапшы.
Сондай-ақ ол биылғы Парламент сайлауының ерекшелігіне тоқталып өтті.
«Бұған дейін партиялардың Мәжіліске өтудегі шекті кедергісі 7-ден 5 пайызға дейін төмендетілген болатын. Саяси партияларды тіркеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Тіркеу шегі 4 есеге – 20-дан 5 мың мүшеге дейін қысқартылды. Партиялардың аймақтық өкілдіктерінің саны 600-ден 200 адамға дейін қысқартылды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау да аралас сайлау жүйесі бойынша 50-де 50 арақатынаста өтеді», - деді Әлішер Тастенов.