Жаңалықтар

Жас қаламгерлерге арналған Президенттің әдеби сыйлығы тағайындалады

ашық дереккөзі

Жас қаламгерлерге арналған Президенттің әдеби сыйлығы тағайындалады

Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және архив ісі жөніндегі алқасының отырысы барысында ведомство басшысы Асхат Оралов жас қаламгерлерді қолдау мақсатында арнайы Президенттің әдеби сыйлығы тағайындалатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Төл әдебиетімізді жаңа дүниелермен толықтырып, ұлтымыздың әдеби мұрасын молайту, отандық әдебиетке, баспа ұйымдарына тың серпін беруді көздейтін «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы тағайындалды. Бұл бастамалардың бәрі отандық өнерге, мәдениет пен әдебиетке тың серпін сыйлаған жобаларға айналды. Рухани қазынамыз көптеген жаңа туындылармен толықты. Ендігі кезекте осы игі дәстүрді одан әрі өрістету мақсатымен биыл жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Атап айтқанда, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында арнайы Президенттің әдеби сыйлығы тағайындалатын болады», – деді Асхат Оралов. Оның айтуынша, алдағы уақытта мәдениет саласының қызметкерлері үшін халықаралық форум өтеді. «Сонымен қатар мәдениет қызметкерлерінің халықаралық форумын ұйымдастырамыз. Бұл сала мамандарының біліктілігін арттырып, халықаралық тәжірибені игеруіне мүмкіндік береді. Осы айтылған жұмыстардың жоғары деңгейде жүзеге асуына зиялы қауымның белсенді қатысуы өте маңызды. Қоғам мен жастардың тәрбиесінде аға буынның атқаратын рөлі зор, алатын орны ерекше», – деді министр.