Жаңалықтар

Алматыда троллейбус жүргізушісін көлік қағып кетті

ашық дереккөзі

Алматыда троллейбус жүргізушісін көлік қағып кетті

Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан троллейбус жүргізушісі көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 20 қаңтар күні сағат 07:10-да болған. «Kia автокөлігінің жүргізушісі - 1998 жылы туған Ж. есімді азамат Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, көшенің жүріс бөлігінде тұрған троллейбустың жүргізушісі - К. есімді азаматты қағып кетті. Апат салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды», - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.