Жаңалықтар

Қаңтарда зардап шеккен 540 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді

ашық дереккөзі

Қаңтарда зардап шеккен 540 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді

«Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қоры құрылғанына бір жыл болды. Қаңтар оқи­ғасынан кейін құрылған қордың барша қа­зақстандықтың қорына айналуы керек екені сол кезде айтылған еді. Қор жұмысының қа­зіргі беталысы қандай? Жалпы, бір жыл ішінде қор жұмысы аясында қандай міндеттер орын­далды? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қо­ры­ басқарма төрағасының орынбасары Ләз­зат Шыңғысбаевамен сұхбаттасқан едік. – Қордың ашылғанына бір жыл толып отыр. Кез келген ұйым үшін бұл ұзақ уақыт емес, алайда қордың алдына қойылған қандай міндеттер орындалды? – Иә, ауқымды мақсат-міндеттер қойыл­ған ұйым үшін бір жыл деген өте қысқа мерзім. Қоғамның қорға де­ген талабы жоғары және үнемі ел на­зарында екенімізді жақсы білеміз. Сон­дықтан осы уақыт ішінде барынша жұ­мыс істеу моделі мен тәсілдерді пы­сықтауға тырыстық. Қайырым­ды­лық қызметті жүйелі әрі ашық жүр­гі­зіп жатырмыз. Сол себепті денсаулық сақ­тау мен әлеуметтік қолдау, білім, спорт салалары және төтенше жағдай ке­зінде көрсетілетін көмек аясында 20-дан астам қайырымдылық бағдар­ла­масы мен жобасын іске асырудамыз. Ашықтық демекші, қордың сай­тында қайырымдылық көмекке қа­тыс­ты барлық ақпарат, қаржылық есеп, қаражат түсімі, қаражат жі­бер­ген­дердің тізімі, қайырымдылыққа жұм­салған қаражаттың бағыты, қор қыз­метінің жаңалықтары мен құжат­тары бар. Сондай-ақ қор сайты арқы­лы азаматтар, ұйымдар жобаны іске асыру бойынша онлайн түрде өтінім бере алады. Жалпы, өткен жылы қор қыз­метінің институционалды негізін қа­лыптастырды. Енді «Қазақстан хал­қына» қорының өнімділігін арттыру мақ­сатында қайырымдылық бағ­дар­­ла­малары мен жобаларды тиім­ді іс­ке асырып, көмек бе­рілген мұқ­таж жан­дар­дың санын еселеп, істің нә­ти­желі болғанын мақсат етіп отыр. Елімізде аутизмі бар ерекше ба­лалар бар. Биыл аутизмі және бас­қа да ерекше күтімді қажет ететін ба­лаларға арналған 8 орталық ашы­ла­ды. Әр ор­талықта 125 бала кешенді қыз­мет ала­ды, жалпы қолдау көлемі мың ба­ланы қамтиды. Қымбат дәрі-дәр­мекке мұқтаж адам­дарды қам­та­ма­сыз ету бағытында біз тек сирек жә­не ауыр сырқаттары бар адамдарды қым­бат дәрілік препарат­тармен қам­та­масыз ету міндетін алдық. Қазір 15,34 млрд тең­геге 130 адам, оның ішін­де 100-ге тар­та бала қымбат дәрі­лік препарат­тармен қамтамасыз етіл­ді. Тағы 124 емделушіге дәрі-дәрмек жет­кізіледі. Сондай-ақ қор 12 емделу­ші­ні шетелдік клиникаларға жіберді. Ден­саулық сақ­тау министрлігі әзір­ле­ген онколо­гия­лық көмекті дамыту бағ­дарламасы аясында онкологиялық ауруы бар аза­мат­тарға қолдау көкжие­гін кеңейтетін боламыз. Тағы бір мәселе – донорлық. Ор­ган­дарды трансплантациялау бойын­ша көптеген өтінім келіп түсті. Алайда мұн­дай операция жүргізу үшін ағза органдары жетіспейді. Көру қабілетін жо­ғалтқандарға АҚШ-тан органдар мен тіндер банкінен талшықтар жібе­ріл­ді. Жақын уақытта С.Асфендияров атын­дағы ҚазҰМУ-да тиісті опера­ция­лар жасалады. Қазір 300-ден астам адам өз кезегін күтіп отыр. – Ал білім беру саласында қайы­рымдылық көмек түрі қалай жүр­гізіледі? – Өткен жылы өңірлерде 20 көш­пе­лі отырыс және үкіметтік емес ұйым өкіл­дерімен өткізген 48 ZOOM коф­не­рен­цияда қоғам белсенділері мен аза­маттар тарапынан білім саласына көңіл бөлу туралы жиі айтылды, әсіре­се ауылдағы білім сапасына ерекше на­зар аударылса деген тілек айтылды. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек бол­ды. Біз үздік педагогикалық тәжі­ри­белер мен әдістемелерді енгізу, тірек мек­тептерді қажетті материалдық-тех­никалық базамен қамтамасыз ету ар­қылы аумақтық және әлеуметтік-эко­номикалық белгілер бойынша бі­лім беру сапасының алшақтығын қыс­қартуды ойладық. Ауыл мен қала мек­тебінің деңгейі, оқушыларға бері­ле­тін білім сапасы екі түрлі. Сол себеп­ті ауылдық жерлерде тірек мектеп­тер­дің әлеуетін көтеріп, оның материал­дық-техникалық жағдайын ғана емес, оқу орнына әдістемелік көмек беру мақсатында еліміз бойынша 17 ауыл­дық тірек мектепті жарақ­тан­дырамыз. Қазір 9 тірек мектеп жабдықталған. Еліміздің әр ауданында, шағын қа­лада және моноқалада бір мек­тептен робототехника ка­би­нет­тері жабдық­талатын бо­лады. Ауылдық және мо­­ноқалалардағы 27 мек­тепте бағдарла­ма­лау, құрас­тыру, ме­хат­роника, электро­тех­ника жә­­­не басқа да ба­ғыттар бо­йын­­­ша 6-сынып­қа дейінгі 160 оқушы бі­лім ала ала­ды. Білім са­ласын зер­делей келе ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­ларға арналған арнайы білім беру ұйым­дарының жағ­дайы ауыр екеніне кө­зіміз жетті. Өкінішке қарай, ұйым­дар­дағы қаржы­лан­дыру дең­­гейі тө­­мен. Біз ерек­ше ба­лаларға жағ­­дай жасау мақ­­­сатында арнайы білім бе­ретін 98 ұйым мен «Арнайы және инклю­зивті білім беруді да­мытудың Ұлттық ғы­лыми-прак­ти­калық ор­та­­лығын» ма­те­риалдық-тех­ни­калық жа­ғынан жа­­рақ­тандырамыз. Өт­кен жылы Шах­­тинск қаласында ар­найы мектеп­тің жа­­бдық­талуы аяқталып, таныс­тырылымы өтті. уақытша тұрғызылған алаңқайы ғана бар ауылдар бар. Бірақ өңірлерде қан­шама дарынды бала бар?! Сондықтан біз шалғайдағы елді мекендерде және спорт инфрақұрылымы деңгейі төмен ауылдарда спорт залдарды ашу мақ­са­тында «балалардың 24 спорт залы» жо­­­басын әзірледік. Қор жабдықтар мен спорттық инвентарь сатып алу тү­рінде қайырымдылық көмек көр­се­теді. Қазақша күрес, бокс, гимнастика түр­лері бойынша жабдықталған 23 спорт зал ашылды. Болашақта залдар са­нын 100-ге жеткізуді жоспарлап отыр­­мыз. Мұнымен қоса, мүмкіндігі шек­теулі балаларға арналған «Тұ­­саукесер» жобасы бар. Ерекше бала­лар денсаулығына байланысты әдет­тегі спорт секцияларына қатыса ал­май­ды. Сондықтан еліміздің 5 өңірінде ере­к­ше балаларға арналған дене­шы­нық­тыру-сауықтыруға арналған 5 үйір­ме аштық. Жаттығулар бокс, арм­­рес­тлинг, каратэ, ауыр атлетика жә­не жекпе-жек сияқты спорттың бес түрі­нен өтеді. Ең бастысы, осы үйір­ме­ге тұрақты қатысатын балалар ая­ғы­­нан тұрып, қозғалысын, көңіл күйін жақсартты. Мүмкіндігі шектеулі азамат­тар­ды қолдау аясында еліміздегі жалғыз пара хоккей құрамасына 50 дана сырғытпа таяқ пен 16 шана та­быс­талды. Көп ұзамай қазақстандық құра­ма Тайландта өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанып, қазір тағы бір халықаралық турнирге дайындық үстінде. – Жалпы, «Қазақстан халқына» қоры қайғылы Қаңтар оқиғасы­нан кейін құрылды. Оқиға кезінде зардап шеккендерге қор тарапы­нан қандай көмек берілді? – Қаңтар оқиғасы баршамыздың қа­бырғамызды қайыстырғаны рас. Бүгін­де қор зардап шеккен 540 адамға 2 млрд-тан астам қаржы көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Оның ішінде қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік орган­дарының қызметкерлерінің отбасына 7 млн теңгеден, ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер жә­не Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне 3 млн теңгеден, қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіп­сіз­дік органдары қызметкерлері­нің от­басындағы кәмелетке толмаған 23 ба­лаға 2 млн теңгеден, Қаңтар оқи­ға­сының құрбаны болған 135 азаматтың отбасына 7 млн теңгеден, қаза тапқан азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 101 балаға 2 млн теңгеден, атыс қаруынан ауыр жарақат алған 138 азаматқа, Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасына 3 млн теңгеден материалдық көмек берілді. Сонымен қатар біз білім беру гранттары бағдарламасына өзге­рістер енгіздік. Енді оқиға кезінде жараланған балалардың және қаза тапқан азаматтардың балаларына білім беру гранттары тағайындалады. – Қорға әу баста қалталы аза­маттар мен үлкен кәсіпорын, биз­нес иелерінен қыруар қаржы құйыл­ғанын білеміз. Кейіннен бұл үрдіс сәл саябырсып қалған­дай болды. Қорға қаржы аударуды салық түрінде міндеттеу тетігі де ұсынылған еді. Қазір қор қалай толығып жатыр? – Ең алдымен, қорға қаражат ау­дар­ған барша азаматқа – ірі кәсіпкер­лерге, қайырымдылық ұйымдары мен кә­сіпорындарға, ел азаматтарына ал­ғыс білдіреміз. Сіздердің қараж­аты­ңыздың арқасында мыңдаған аза­матқа қайырымдылық көмек берілді. Бұл іс жалғасын табады деп ойлаймын. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының 7 пайызы аударылады. Бұл қаражат бойынша жеке шот ашылады. Біздің қайырым­дылық көмек көрсету қағидалары­мыз­ға сәйкес «Самұрық-Қазынадан» түс­кен қаражат денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтан­дыруға бағытталған жобаларды қар­жыландыру үшін пайдаланылады. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ділда Уәлибек