Ғосманғибрат

Ғосманғибрат

Ғосманғибрат
ашық дереккөзі
Өмірдің сан тарау, соқтықпалы, соқ­пақсыз жолдарында осынау жағаттас дос, жамалды азаматты біліп келе жатқаныма тура жарты ғасырдың жүзі болыпты. Ол – Ақ­мола облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төра­ғасы Ғосман Төлеғұл. Көкшетау ақсақал­дарының көшбасшысы, өңірдің билер ал­қа­сының мүшесі. Жә, онда тұрған не бар?.. дер­­сіз. Һәм дұрыс айтасыз. Осындай ресми лауа­­­зымды, тәп-тәуір азаматтар арамызда көп­теп саналатыны бәрімізге белгілі. Олай бол­са, біздің Ғосекеңді қалам нысанасына алуы­мыздың себебі – оның қызмет бабындағы лауазымына емес, өмірдегі өрелі істеріне, ай­наласына шашқан шапағаты мен ғұмыр ғиб­раттарына көбірек орайласады. Яғни, Ғос­ман­ғибрат десек жарасып кетер еді. Жоқ, бұл кісі биыл мүшел жас толтырған жоқ, мерейжасқа келіп жатқан жоқ. Жоталы жетпісін осы­дан үш жыл бұрын аттап өткен. Ме­рейлі айһай жетпіс бесі алда. Онда мен осы үшбу мақаланы жазуға неге отыр­ды дейсіз ғой. Ләміңіз тағы да дұрыс. Бірақ бұл орайдағы менің пайы­мым басқашалау болып тұр. Жақ­сы адамдар жайлы неге олардың мерейлі мерекелерінде ғана жазу ке­рек? Міндетті түрде сол дөңгелек да­таны күтпей, жанымызда жүрген жақ­сы адамдар жайлы жай күндерде де неге жаза бермеске, жазыла бер­мес­ке дейді менің ішкі пірім. Ендеше рес­ми атаулы күнін күтіп сарылмай, те­мірді қызған кезінде соғып, дәл қа­зір Ғосман ғибраттарына зер са­лайық, ардақты ағайын... Осыдан біраз жыл бұрын осы­нау досжар азаматқа көпқа­нат­ты Ғосман деген айдар таққан бо­­латынмын. Жан-жақты дарын­ды­лығын, өнерінің көптігін өзімше бейнелеп айтқаным ғой. Жетпісінші жылдардың басында біздің басымыз­ды қосып, табыстырып, осы дарын-қабілетті дамытып, келешекке қанат қақ­тырып түлетіп ұшырған көрікті Көк­шенің «Зеренді» аудандық газеті еді. Сол кездердегі сол бір албырт жас­тық дәуренді сағынамын. Ғосман ғиб­раттары да осы Зерендіде бас­тал­ды, қанаттары осында қатайып бе­кі­ді. Бұл газет кезінде күллі Көкшетау об­лысы бойынша «кадрлар ұста­ха­на­сы» деген атаққа шыққан. Айталық, өткен жылы қайтыс болған белгілі жазушы, ақын Амантай Ахетов тап осы газеттен республикалық Баспа жө­ніндегі мемком төрағасының тікелей көмекшісі болып барған-ды. Ал біз пақырыңызды атақты жазушы Мұх­тар Мағауин Жазушылар ода­ғы­ның «Жұлдыз» журналына аттай қа­лап алған-ды. Сол тұстағы орысша га­зеттегі белді журналисіміз Ғос­ман­ды да біресе аудандық комсомол ко­митеті, біресе аупартком қоярда-қой­май алып кетіп, ол болса, «Ат ай­налып қазығын табады» дегендей, көңілі сүйген қаламгерлік салаға бәрі­бір қоймастан қайтып оралатын. Сөй­тіп, өзінің жаны сүйген ғұмыр ғиб­раттарын жалғастыратын. Әуелде орыстілдіге балап онша жұғыса қоймаған Ғосманы­мыз жақынырақ білісе келе байқасам, қа­зақшаңыздың түбін түсіріп бұл­бұл­ша сайрайды екен. Әзілі әдемі, қал­жыңы қазақы. Ашық-жарқын мі­незімен орыс жігіттері арасында да кеу­десін биік ұстап, келісті жүргеніне, кі­сі қызығарлық абырой-беделіне біз­дің де айызымыз қанып, мерейіміз өсіп отыратын. Журналистикадағы ұла­ғатты ұстазымыз, мысал жанрын­да өзіндік орны бар жазушы, редак­то­ры­мыз, аяулы Баймұрат аға Азна­баев бас болып Зеренді көлінің қа­ра­ғайлы жыныс жағасындағы «Ор­ман­шы үйінде» әрбір 5 мамырда Жур­на­листер күнін мәре-сәре атап өткенде домбырамен ән де салатын, күй де шер­тетін өнерін көріп, ішім одан сайын жыли түскен-ді. Бірақ Ғосман мен ойлағаннан әлдеқайда тереңірек бо­лып шықты. Ол өлең жазады екен. Қа­зақтың әдебиетінен де, тарихынан да хабары мол. Аудандық қазақша га­зетте апта сайын әдебиет бетін бе­ріп жүрген мен Ғосманның өлеңдерін енді сұрап алып жариялайын. Мұ­ны­мен қоймай, әңгіме де жазады екен. «Көнебай сынықшы» деген әңгімесі Көкшетаудың облыстық газетінің бәйгесін иемденгені есімде. Бір-екі әң­гі­месі кейінірек «Жұлдыз» журн­а­лында да жарияланды. Жер-жерде халқымыздың ай­тыс өнері қайтадан жан­да­нып-жаңғыра бастаған жылдарда кеңшарда партком хатшысы болып жүр­ген Ғосекең партия қызмет­кері­мін деп бәлсінбей, үкілі домбырасын қол­ға алып, айтыскер ақын ретінде де белсеніп шықты. Ауданда оза шауып, облыста үш-төрт мәрте жүл­де­гер танылып, республикамызға та­нымал Баянғали Әлімжанов, Құ­дайберлі Мырзабеков сынды айтыс жам­поздарымен үзеңгі қағыстыра жыр толғады, сөйтіп қазағы аздау Зе­рен­ді мен Көкшетауда ұлттық мә­дениеттің өркен жаюына жеке ба­сының үлгісімен де дем-тыныс берді. Біржан сал мен Ақан серінің өнерін жал­ғаған сол бір серілік дәуреннің белгісіндей, Көбей Сейдеханов қол қойған Қазақстан ақын-жыршылар одағының №88 мүшелік билеті біздің ұқыпты досымыздың жеке мұрағатында әлі сақтаулы тұр. Үкілі домбыра дегеннен шы­ғады-ау, кейін білдік қой, дом­быра бала жасынан бергі жан сері­гі екен. Оның жүрегіндегі нәзік иі­рімдерді танытар бір ғажап жағ­дай­ды айта кетсек, 1969-1971 жыл­дары Ресейдің Горький (қазіргі Ниж­ний Новгород) және Абакан қала­ла­рында әскери борышын өтей жүріп туған ел-жұртын сағынған жас жігіт өз қолымен ойып шауып, әп-әдемі дом­быра жасап алады. Қазағының ән­дерін айтып, қаракөздерді маңа­йына үйіріп, сағыныш мауқын солай басады. Қарап отырсақ, бұл да кез кел­геннің қолынан келе беретін іс емес-ау. Кезінде Ақан сері талай ат шал­дырып, әнге бөлеген ескі Сәберлі, жаңа­ша Әлжан әлі күнге дейін қай­ма­ғы бұзылмаған қазақ ауылы. Со­дан да болар, әкесі Төлеғұл 6-сы­нып­тан кейін баласының «болашағын ой­лап», қолтығына қосымша қанат байламақшы болып орыс мектебіне ауыстырса да, талапты жеткін өзінің негізгі қанаты – қазақ тілін жоғалт­пады. Түптеп келгенде, оның бағын ашқан да өзінің ана тілі. Орысшадан ешкімге де оңайлықпен дес бермес достың бағын аш­қан қазақ тілі деуіміздің се­бебі де жоқ емес. 1991 жылы Ком­пар­тия құ­лар шақта пар­т­ком хат­шысы Тө­леғұлов жол­дасты жебеуші қа­натымен көтеріп алып бөлім меңгеру­ші­лік қызметін ұсын­ған өзге емес, об­лыс­тық қазақтілді «Көк­ше­тау» газеті болатын. Осы­дан бастап оның дарын-қа­білеті барлық қырынан жар­қырап көріне бастады. Ғос­ман­ғибраттың өрісі кеңіді, өресі биіктей түсті. Ұйымдастырушылық дейсіз бе-ау. Шығармашылық дейсіз бе-ау. Қай­сысынан болсын қамшы салғыз­бады. Содан бір жыл өте сала Көкше­тау облыстық атқару комитетіне бас маман болып жоғарылатылып, аз уа­қыт Мәдениет, ақпарат және қ­о­ғам­дық келісім министрлігіндегі бө­лім бастығын есептемегенде, бұ­дан кейінгі 30 жылдан аса, тап бүгін­ге дейінгі еңбек жолы облыс көлемін­дегі жауапты қызметтермен тікелей байланысты болып келеді. Осы жыл­дарда облыс әкімінің баспасөз хат­шысы, облыстық Тіл басқарма­сы­ның бастығы, облыс әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қа­зақ­стан халқы кіші Ассамблея­сы­ның ат­қарушы хатшысы, ал Ақмола об­лы­сының орталығы Көкшетауға ауыстырылғаннан кейін осында ақ­парат және қоғамдық келісім бас­қармасында әуелі орынбасар, сосын бас­қарма бастығы болып абыройлы қызмет атқарды. Әсіресе, 2004 жыл­дың сәуірінен зейнет жасына жет­кенге дейін атқарған облыстық Тіл­дерді дамыту басқармасындағы бас­шылығы аса жемісті болды. Осы­ның бәрінде өнерге жақын, шы­ғар­машыл адамның мәнері мәуеленуден жазбады. Осы миятты мәнер 2016 жыл­дың ақпанынан күні бүгінге дейін, яғни жеті жыл қатарынан, үзі­ліссіз басқарып келе жатқан об­лыс­тық ардагерлер ұйымының көр­некті істерінен де көркем таныл­ға­нының көрнекі мысалдары жетерлік. Республикалық ұйымның басшысы, дүйім қазаққа мәшһүр қайраткер һәм қаламгер тұлға Өмірбек Озған­баевтың «Басшылық тізгінін Ғосман Тө­леғұлұлы ұстағалы Ақмола арда­герлер ұйымының жұмысы шырай­ланып сала берді» деп аса жылы лебіз білдіруі тегін емес. Әлбетте, біз қазақтілді «Көкше­тау» газеті Ғосман Төлеғұлұ­лын көтерді дегенде әсте де мансапты меңзеп тұрған жоқпыз. «Көкшетау» оның азаматтық толысу, шығар­ма­шы­лық дарынын ашу баспалдақтары­на жол нұсқады. Ең бастысы сол, биліктің бір шетінде жүрген ол хал­қының кәдесіне жарай білді, ұлттың мұрат-мүддесіне қарлығаш қанаты­мен су сепкендей септесуден жазба­ды. Әсіресе, егемендіктің алғашқы жыл­дарында тіл майданында орыс­тілділер дейтіндердің өкілдерімен толып жатқан мәселелер бойынша та­лай-талай пікірталас пен айтыс-тар­тысты бастан өткерді. Мінезі ор­нық­ты, білімі терең, өмірлік тәжіри­бесі бай, парасаты мол Ғ.Төлеғұл сон­­дай сындарлы шақтарда ұста­ны­мына берік болды, өзінің наным-көз­қарасын қорғауда табанды күрес­кер­лікпен қатар, жан дүниесінің зор мә­дениетін де танытты. Осы ретте біз­дің кейіпкердің кейпі жайлы қар­сы тараптың қас-қабағын білу артық бол­мас еді. Көкшетауда шығатын тәуел­сіз «Курс» газетінде белгілі жазу­шы, публицист Виктор Терещук бы­лай деп жазды: «...Тілдер проблемасы жө­нінде басты қарсыластар об­лыс­тық Тілдерді дамыту басқармасының бас­тығы Ғосман Төлеғұлұлы және мен болып шықтық. Қарсыласым, бы­лайша айтқанда, бірден шабуылға көшіп, облыс халқын мемлекеттік тілді үйренуге тезірек әрі белсендірек икемдеу орайындағы ойын ортаға салды. Мен болсам айдан анық нәрсені жоққа шығармай, әйткенмен осы қарбаласта орыс тілінің шетке қа­ғылмауын ізерледім. Сол пікірталас бірнеше сағатқа созылды. Кейіннен газет бетінде жалғасты. Пікірталас еркін, ашық, тартысқа толы, тіпті кей реттерде қытымыр, қатаңырақ болса да, оған қатысудан өз басым шынайы ләззат алдым. Мәселенің маңыз­ды­лығынан ғана емес. Оның тағы бір себебі сол, қарсыласымның әншейін сы­қиған шенеунік емес, өз ісіне адал берілген, өресі биік кәсіпқой екенін бірден сезіндім. Ой өрбітуші аса мә­дениетті, зиялы адам еді. Пікірта­лас­тың ең бір шиеленіскен тұстарының өзін­де де қарсыласым сабырлы, бай­салды қалпынан жаңылмады, бірде-бір намысқа тиерлік ауыр сөз айтпады. Ол тек балталаса бұзылмас «те­мір» дәлелдерді келтірді де отыр­ды. Сонысымен бәрімізді ұстам­ды­лық­қа, мәдениетіміздің үлкен саласы – тіл туралы айтысқанда үлкен мәдениет­тілікке шақырғандай болды. Шынын айтқанда, осы пікірталасты және сондағы қарсыласымды әлі күнге дейін бір жылы сезіммен еске ала­мын. Сол жекпе-жектен кейін Ғосман Төлеғұлұлы екеуміз жолыққан сайын құ­шақтасып амандаспай өткен ке­зіміз жоқ. Мұндай үлкен жүректі адам­мен басқаша болуы мүмкін де емес». Міне, идеялық қарсыласы болған орыс азаматының біз­­дің досқа берген бағасы. Өзін мем­лекеттік қызметтегі қазақ ұлтының өкі­лі ретінде өзгелерге сыйлата білуі, халқының мүддесін көздеген өз пі­кірімен санастыруы, ұятқа қал­дыр­мас биік өреден көрінуі Ғ.Төлеғұлдың қай деңгейдегі қайраткер үшін де үлгі боларлық өнегесі дер едік. Және де осын­дай жайттың бәрі Ғосман Тө­леғұлұлының мемлекеттік қыз­мет­тегі шенеунік шекпеніне әсте сыймас қай­раткерлік тұлғасы мен азаматтық бітім-болмысын ажарландырып, ай­шықтай түсетіндей. «Мәдениет қай­раткері» және «Қазақ тілінің жа­на­шыры» төсбелгілерімен, «Құрмет» ор­денімен марапатталуы осы сөзі­міздің және бір айғағы. Мақаламыздың соңына қарай сары майдай сақтап отыр­ған тағы бір жайға келер болсақ, Алаш­тың алып жазушысы Мұхтар Ма­ғауин: «Алыс Көкшетауда жатқан зия­лы азамат Ғосман...» деп ілтифа­тына алыпты. Талабы қатты, талғам­паз Мұхаңның аузынан сирек шы­ғатын лебіз. Тіпті, ауызша да емес, шы­ғармалар жинағының 11 томы­ның 431-бетінде тасқа басып тұрып айт­қан. Атақты жазушының алғы­сы­на Ғосман Төлеғұлұлы елді елең ет­кізген «Қазақ тарихының әліппесі» кі­­табын орыс тіліне тамаша тәржі­ма­лап шыққаны үшін бөленіп еді. Орыстілді аудиторияға айтулы кітап осы­лайша жетті. Қазақша қанық бояу­ды, астарлы да ажарлы мағы­на­ны орысша айқын таңбалап жеткізе біл­ген білікті әрі тілектес аудармашы өз ықыласымен құдай беріп табыла кет­кеніне Мұхаңның мейірлене қуан­ғанына сол кезде ол кісінің қа­сын­да «Жұлдыз» журналында жүрген өзіміз де куә болғанбыз. Әдебие­тіміз­дің алыс Америкада жатқан классигі кейінірек «Бұл Ғосман аударма сала­сындағы санаулы жампоздары­мыз­дың бірі» деп кесікті әділ бағасын айтты. Жампоз аудармашы мұнымен де тоқтамаған. Сөйтіп, өткен 2022 жылы осы тәржімасын үстінен қайта қарап, онсыз да жақсы аударманы одан сайын жақсартып, демеуші тауып, жеке жинақ етіп бастырып шы­ғарып, мұхиттың арғы жағында­ғы Мұхтар ағасына толайым сыйлық жасады. Алшы түскен асықтай кәделі сый-құрмет үшін Мұхаңның алғысы және шексіз. Осы алғысты сөзбе-сөз кел­тірсек, ол былай: «Ұлттық санасы жо­ғары Ғосман Төлеғұлұлы – екі ға­сыр шегіндегі қазақ руханиятында өзіндік орны бар, дербес тұлға. Ал менің «Қазақ тарихының әліппесі» - «Азбука казахской истории» кітабым үшін айтар алғысым шексіз». Көзі тірі классик Мағауиннен алғыс алған Ғос­ман ғибраты әркімге үлгі. Байқап отырғанымыздай, бір ғажабы, қаншама жауапты қыз­­мет атқара жүргендегі Ғ.Төле­ғұл­дың бір дара қасиеті – шығарма­шы­лық­тан бір сәтке қол үзген емес. Қа­зақ­ша, орысша бірдей жазады. Екі тіл­ге бірдей жорға, қазақшадан орыс­шаға, орысшадан қазақшаға бірдей қо­таратын мұндай кәнігі бесаспаптар сирек. Бұл күнге дейін қазақшадан орысшаға аударған үлкенді-кішілі 50-ден аса, орысшадан қазақшаға қо­­­тарған 23 кітабы жарық көрді. Ре­дак­торлық еткен, құрастырған кітап­тарының бірқаншалығы да біраз сыр­дан хабардар еткендей. Ол кім­дерді аударды десек, әдебиетіміздің бұрынғы заңғарлары Айқын Нұрқа­тов, Немат Келімбетов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Қойшығара Салғараұлы, Әлібек Асқар, Дүкенбай Досжан, Сауытбек Абдрахманов, кейін­­­­гі мықтылар Сәуле Досжан, Серік Негимов, Жарылқап Бейсенбаев есімінің алдан шығуының өзі-ақ ең­бектің толымдылығын таныт­қан­дай. Сонымен бірге көкшетаулық қалам­гер, марқұм Нұрмұханбет Ысқақов­тың «Кенесары ханның жорықты жол­дарымен» атты өте құнды тари­хи-танымдық кітабын орысшалауы да оның ұлттық рухқа адалдығын және бір паш еткендей. «Әлі жеткен алып та жығады, ша­лып та жығады» дегендей, әлемдік ақыл-ой алыптарын қазақша сөй­летті. Бұлардың ішінде орыс ғалымы К.Циолковский, ағылшын философы Б.Рассель, әлемдік марқасқалар Ро­берт Оуэн, Карл Клаузевиц, Артур Шо­пенгауэр бар. «Әлемдік саясаттану ан­тологиясының» сегізінші томын мұз­дай қып аударып бергені үшін Ғос­манға белгілі баспагер ағамыз, тал­ғам-талабы Мұхтар Мағауиннен артық болмаса, кем емес, аруағы шат бол­ғыр Нұрмахан Оразбектің де ри­зашылығы мол көрінген-ді. Тоғышар шенеуніктің шығар­ма­шылықта несі бар? Ал Ғос­манның жөні бөлек. Ол айтады: «Жал­­­пы, орыс тіліне аударудағы бас­­ты мақсатым – егемендіктің ал­ғаш­­қы жылдарында қаулап жарық көре бастаған қазақ тарихын, оның бұған дейін беймәлім болып келген аса көп ақтаңдақтарын, қазақи өр рухты, төлтума мәдениетті көрсететін тама­ша кітаптарды орыстілді оқырманға жет­кізу болды. Мұны өмірлік мұра­ты­ма баладым». Олай болса, біздің ізгі тілекті, өр­шіл жүректі асыл азамат, бү­гінгі Көкшетау өңірінің көрнекті ақ­­­сақалы, Қазақ елінің өнегелі қай­раткер тұлғаларының бірі Ғосман Тө­леғұлұлы мұратына жетті деп есеп­­тейміз. Немерелі-жиенді ордалы әу­леттің бәйтерегі, өміршең қа­нат­тары биік мұраттарға самғатқан Ғос­­ман ғибраттарын төмендегі жыр жол­дарымен түйіндеуді жөн көрдік. Көкшеде бір жігіт бар көп қанатты, Құдайым берген басқа бақ-талапты. Қазақтың құймақұлақ баласы боп, Жасынан есті сөзді жаттап апты. Шетінен құрт ұрламай өрелердің, Табылды өрісінен көп өнердің. Ойнады құлағында арғымақтың, Тыңдады әңгімесін көнелердің. Тыңдады даладағы бұлақ күйін, Келтірді домбыраның құлақ күйін. Алаштың азаматы болсам деген Көкейде бір-ақ арман, бір-ақ түйін. Салды жол қияларға Сәберліден, Мәндіні ұға білді мәнерліден. Сіңіріп санасына сөз киесін, Өзіндей өрнек тапты өнерліден. Қолына қазыналы қалам алды, Тобында толағайдай дараланды. Айтыс пен өлең-жырда өркештеніп, Өмірде салмақтанып, сараланды. Ер болды дәйім дегдар, кең жүректі, Елдіктің туын әркез желбіретті. Затында тұнып тұрған тектілігі Атын да, атағын да белгілі етті. Ұлағат, ұлан-асыр ғажабына, Ұйыған орысы да, қазағы да. Қаламгер, қайраткері Көкшетаудың Қарттардың қамын ойлап мазалы ма?! Жетпісте дәу жігіттей жоталысың, Күйлерің нар идірген боталысың. Заманның соққан желі оңынан боп, Жалғай бер ардагердің аталы ісін. Толайым тартқан жүгің қара нардай, Жөнің бар нарқасқаға баланардай. Бәрін айт та бірін айт, беу Ғосеке, Елің бар еңбегіңді бағалардай!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты