Әділетті Қазақстанда адам құқы мәселесіне баса мән беріліп жатыр

Әділетті Қазақстанда адам құқы мәселесіне баса мән беріліп жатыр

Әділетті Қазақстанда адам құқы мәселесіне баса мән беріліп жатыр
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы жақында «Құқықтық көмек» жобасын іске қосты. Жоба Атырау облысынан бастау алып отыр. Осыған орай аталған жобаның мән-маңызы жайлы білу үшін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Хамиұлына бірқатар сауал қойған едік. – Жақында Атырау облысында «Құ­қықтық көмек» партиялық жо­басы іске қосылды. Аталған жоба ая­­сында тұрғындар қандай көмек ала ала­ды? – «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың Атырау облысына са­пары барысында «Құқықтық көмек» пар­тиялық жобасының іске қосылғанын же­т­кізді. Мемлекет басшысы атап өткен­дей, әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән бе­рі­ліп жатыр. Бұл бағытта түрлі жаңа­шыл­дық қолға алынды. Соның бірі – Конс­ти­ту­циялық Соттың құрылуы, Бас про­кура­тура мен Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл­­дің конституциялық мәртебеге ие болуы. Халық арасында құқықтық мәсе­ле­лер өте өзекті екені рас. Соған бай­­­­ланысты өңірде тұрғындардың құқы­ғын қорғайтын «Құқықтық көмек» жаңа пар­­тиялық жобасы пилоттық режимде іс­ке қосылды. Ерлан Жақанұлы да «Жа­сы­ра­­т­ыны жоқ, біздің қоғамда азаматтардың құ­қықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де тө­мен. Соның салдарынан олар сотта не­ме­­се басқа да мемлекеттік органдарда өз мүд­­делерін қорғай алмай жатады. Шал­ғай­­дағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұн­­дай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отыр­­ғандықтан, жаңа партиялық жоба ая­­сында заңгерлер ауыл-ауылды аралап, ха­­лыққа арнайы құқықтық көмек көр­се­те­­ді. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осын­дай нақты істерден басталады» деп атап өтті. «Құқықтық көмек» партиялық жо­ба­сы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде аза­маттарға заңгерлік көмек көрсету үшін об­лыстағы аудан орталықтарына арнайы ба­рады. Жоба Исатай ауданынан басталса, кейін Индер ауданында жалғасты. Оның ая­сында белгілі заңгер, адвокат Абзал Құс­пан жұртшылықпен кездесіп, сауал­да­­рына кәсіби тұрғыдан жауап беріп, кеңе­сін айтып жатыр. Атырау облысында жүргізіліп жатқан «AMANAT» партиясының «Құқықтық кеңес» жобасы Исатай, Индер, Мақат, Жы­лыой аудандарында барлығы 70 ауыл тұр­ғынын қабылдады. Онда шешілуге тиі­с­ті 9 мәселе, сотқа қайта шағымдану бойын­ша 4 мәселе талқыға салынып, 50 мә­селе бойынша кеңес берілді. Жалпы, сот атқарушылардың немқұрайдылығына қа­тысты – 16, тұрғын үйді жекеше­лен­діру­ге қатысты – 15, еңбек дауына байла­ныс­ты 6 сұрақ қойылды. Жоба Атырау қа­ла­сында жалғасып жатыр. – Заңгерлер азаматтарға қай ба­ғыт­та кеңес береді? – Ең алдымен бұл бұқара мен пар­тия­ны байланыстыратын және халыққа қа­жетті көмек түрін ұсынатын тиімді бас­тама екенін айта кеткен жөн. Жоба ба­ры­сында сотта, қылмысты қудалау орган­да­рында және тағы басқа жағдайда азамат­тар­ға өкілеттік етуге, арыз-талап тол­тыру­­ға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұр­ғындарға қаржы және құқықтық мә­се­лелер бойынша түрлі кеңес беріледі. Мә­­­селен, жоба Исатай ауданынан бас­тал­ды. Ондағы кездесу 3 сағатқа созылды. Бар­­лығы жиырмаға жуық азамат келіп, елу­ден астам сұрақ қойылды. Тұрғын­дар­дың ең көп қойған сауалы тұрғын үй мә­селесіне қатысты болды. – Өңір тұрғындары игілігін көр­ген, оң нәтиже берген тағы қандай жо­балар бар? – Бірінші «AMANAT» партиясы Атырау об­лыстық филиалы туралы қысқаша айта ке­тейін. Бүгінде облыстық филиалда 106 бас­тауыш партия ұйымына біріккен 23 мың­нан астам партия мүшесі бар. Партия­лық жобаларға тоқталсам, «AMANAT» пар­тиясы ауылдың әлеуметтік жағдайын жақ­сартуды, ауыл шаруашылығын қол­дау­ға ерекше басымдық беруді мем­ле­кет­тің алдында тұрған стратегиялық мін­дет­тер­дің бірегейі деп санайды. Сондықтан «Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз же­ке­шелендірілген немесе пайдала­ныл­май жатқан жерлер мен жайылымдарды мем­лекет меншігіне қайтару жұмыстарын ау­қымды жүргізді. Облыстық партия фи­лиа­лы жанынан «Жер аманаты» комис­сия­сы құрылып, жоба басталғалы Атырау об­лысы бойынша 160,17 гектар игерілме­ген жер мемлекеттің меншігіне қайтарыл­ды. Бұған қоса, өз тиімділігін дәлелдеген тағы бір бастама – «Ауыл аманаты» партиялық жобасы. Оның аясында ауыл тұр­ғындарының табысын, біліктілігін арт­тыру, жаңа кадрларды даярлау ісі қол­ға алынып жатыр. Былтыр 52 ауылдық ок­руг әкіміне «Табысты көбейту, халық­тың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арт­­тыру» тақырыбында үш күндік семи­нар ұйымдастырылды. Ал «Халықтың та­бысын арттырудың 2025 жылға дейінгі» мем­лекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауыл тұрғындарына, кәсіп­кер­леріне, белсенді жастарға арналған мо­биль­ді топтың қатысуымен көшпелі кез­­­десулер өтті. Ауылда қандай кәсіп түрін дамытқан қо­лайлы? Жергілікті тұрғындарды жұ­мыс­пен қамтып, өзі де саланы дөңгелетіп әкетуі үшін ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қан­дай қателіктерге бой алдырмауы ке­рек? Сауатты бизнес жоспар жасауды не­ден бастаған жөн? Мемлекеттік субси­дия­лар­ды алу жолдары қандай? «AMANAT» пар­тиясының үйлестіруімен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасын жан-жақты ақ­параттық қолдау мақсатында құрылған ма­рафон осындай сауалдарға толық ақ­парат берді. Сонымен қатар облыс аумағындағы көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасы, жетім және жартылай жетім, мүм­кіндігі шектеулі отбасылардың ба­ла­ларын қолдау бағытындағы «Бақытты отбасы», мүмкіндігі шектеулі және ерекше қа­жеттіліктері бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қолға алын­ған «Кедергісіз келешек» жоба­лары­ның нәтижесі жаман емес. Сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адам­дарға және дәстүрге деген құрметті кү­шейтуді көздейтін «Ардагерлерді ар­дақтайық!» партиялық жобасын атап өту­ге болады. – Облыстың алдағы Мәжіліс пен мәс­лихат депутаттарының сайлауына дайындығы қалай? – Партия филиалына қарасты 1 қа­ла­лық және 7 аудандық филиал бар. Мұ­ны­мен қоса, қазір облыстық, қалалық және ау­дандық мәслихаттардағы 141 ман­дат­тың 137-сінде депутаттық мандат болса, оның 114-і яғни, 83,2 пайызы – аманат­тық. Сайлауды заңға сай, өз деңгейінде өт­кізу – ортақ міндет. Сондықтан қазір дайын­дық, өткізу шаралары пысықталып жатыр. – Партияның Атырау облыстық фи­лиалы биыл қандай жаңа баста­маларды жүзеге асырады? – Партияның Атырау облыстық фи­лиа­лы тарапынан қолға алынған тың бас­та­малардың бірі – AMANAT SERVICE қыз­мет көрсету орталығы. Осы уақытқа дейін пи­лоттық режимде жұмыс істеп кел­ген ор­талықтың кеше ресми ашылуы өтті. Партия өміріндегі елеулі жаңашыл­дықтың бірі, бұқарамен байла­ныс­ты нығайтудың тың тетігі – осы ор­та­лық. Қалалық филиал ғимаратында ор­на­ласқан орталықта 11 қызмет түрі бар. Яғни, «Бір терезе» қағидаты негізіне сүйен­ген жоба аясында партияға жүгінген тұрғын тез арада өзін мазалаған сауалға қа­тысты нақты жауап алуға мүмкіндігі бар. Жауапты сала мамандары азамат­тар­дың өтініштерін қабылдап, оңтайлы ше­шуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар сәулет, ең­бек, тұрғын үй қатынастары саласы жә­не халықты толғандыратын өзге де мә­селелер бойынша заңнамалар түсін­ді­рі­леді. Орталық тек Атырауда ашылған, теңдессіз жоба. Пилоттық режим­де жұмыс істеп келген орталықта бүгінге дейін 115 қызмет көрсетілді. Оның ішін­де, құқықтық кеңес бойынша – 38, еңбек қа­тынастарын реттеу бойынша – 24, жер, архитектура сұрақтарымен – 19, жұмыс­пен қамту мәселесімен – 22, өзге де сала­лар бойынша 12 қызмет түрі көрсетілді. Жоғарыда аталған жобалар өз тиім­ді­лігін дәлелдегендіктен, ары қарай жал­ғас­тыру жоспарымызда бар. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ