Рыбакина алғаш рет Australian Open турнирінің 4-кезеңіне өтті

Рыбакина алғаш рет Australian Open турнирінің 4-кезеңіне өтті

Рыбакина алғаш рет Australian Open турнирінің 4-кезеңіне өтті
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты деп хабарлады turkystan.kz. Үшінші раундта спортшымыз рейтингте өзінен жоғары тұрған, осы турнирдің былтырғы финалисі Даниэль Коллинзпен кездесті. Ойын 2 сағат 5 минутқа созылып, Рыбакина үш сетте жеңіске жетті (6:2, 5:7, 6:2). Рыбакинаның келесі қарсыласы әлемнің алғашқы ракеткасы Ига Швентек болуы мүмкін. Ойыннан кейін ол «жеребені мүлде қараған жоқпын, кіммен болса да ойнаймын» деді.