Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
ашық дереккөзі

21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді деп хабарлады turkystan.kz мемлекеттік Кірістер комитетіне сілтеме жасап. 

«ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды», - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан-қытай шекарасындағы темір жол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.