Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Өскеменде 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды

Өскемен қаласында 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды, – деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, зират тонаумен айналысқан 25 жастағы жігіт ұсталды. Тексеру барысында ер адамның көлігінен темір қоршаулардың сынықтары табылды.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Ушановский зиратына жақын жерде Honda маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктен үш металл қоршау анықталып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары қолға алынды», – делінген ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша, қала тұрғынының зираттағы тағы сегіз ұрлыққа қатысы бар. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button