Жексенбі, 2 Сәуір, 2023

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді деп хабарлады turkystan.kz.

«ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды», – деп көрсетті мемлекеттік Кірістер комитеті.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы темір жол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button