Жидда қаласында Өзбекстанның 17 тарихи жәдігері көрсетіледі (ФОТО)
Жидда қаласында Өзбекстанның 17 тарихи жәдігері көрсетіледі (ФОТО)
2023 жылдың 23 қаңтары мен 23 сәуірі аралығында Жидда қаласында (Сауд Арабиясы) Ислам өнерінің бірінші биенналесі өтеді, онда Өзбекстаннан 17 экспонат қойылады деп хабарлады turkystan.kz uza.uz сайтына сілтеме жасап.
Биенналені Дирия Биеннале қоры Сауд Арабиясының Мәдениет министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда. Шараның мақсаты «өткенді, бүгінді және болашақты байланыстыру» болып, оның негізгі тақырыбы «Әууәл бәйт» араб тілінен аударғанда «алғашқы үй» дегенді білдіреді. Әууәл байт – Құран термині, ол мұсылмандар үшін ең қасиетті орын саналатын – Меккедегі Қағбаны білдіру үшін қолданылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара дәстүрді сақтауға қолдау көрсете отырып, инновацияны насихаттайды. Ол эстетикалық өрісте, оның барлық көркемдік өрнектері мен формаларында руханияттың ізденістерін ұсынады.
Биенналеде Өзбекстанның тарихи мұрасын Республиканың Мәдениет пен өнерді дамыту қоры ұсынбақ.
«Ислам өнері биенналесінде Өзбекстанның баға жетпес экспонаттарын таныстыру – біз үшін үлкен мәртебе. Қордың маңызды міндеті – еліміздің бай мұрасын халықаралық аудиторияға тарату және көрсету, сондай-ақ берік халықаралық ынтымақтастық орнату. Биенналеге қатысу – оны жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндік», – дейді Өзбекстан Республикасының Мәдениет пен өнерді дамыту қоры кеңесі төрағасының орынбасары Саида Мирзияева.
Жиддадағы көрмеде Өзбекстанның мәдени мұрасын сипаттайтын 17 экспонат көрсетіледі. Олардың ішінде ислам әлемінің маңызды қолжазбаларының бірі саналатын VIII ғасырдағы «Катталангар Құран» кітабының бірнеше беттері, XVII ғасырдағы «Имам әл-Бухаридің әл-Джоме ас-Сахих» хадистер жинағы, Самарқанд пен Афрасиабтың X-XII ғасырлардағы қыш ыдыс, құмыралар, ұлттық киімдер мен аяқ киімдер көрсетілмек.
Өзбекстан Республикасы Мәдениет және өнерді дамыту қорының атқарушы директоры Гаяне Умерованың айтуынша, Ислам өнері биенналесі ислам мәдениетіне қатысты жобаларды көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды халықаралық шара болып табылады. Өзбекстанның бай және көп қырлы тарихы бар, оның басым бөлігі ислам дәстүрлерімен тығыз байланысты және біздің ел ұсынған экспонаттарды іріктеу әлемдік қоғамдастықты оларды зерттеуге қызықтыруға арналған.
Ислам өнері биенналесі аясында Қор тарапынан көрермендерді Өзбекстанның мәдени мұрасымен таныстыруға бағытталған кең ауқымды қоғамдық бағдарлама ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Онда пікірталас, музыкалық қойылымдар, фильмдер көрсетілімдері және шеберлік сабақтары орын алған. Сондай-ақ дәстүрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен «Өлім мұнарасы» (1924) дыбыссыз фильмі, «Әл-Бухари» (1998) фильмі көрсетіледі және қолөнер, сузана және басқа өнер бойынша шеберлік сыныптарын мен басқа да көптеген іс-шараларды ұйымдастыру көзделген.