Қазақстан Ресейге 12 млрд текше метр газ жеткізеді

Қазақстан Ресейге 12 млрд текше метр газ жеткізеді

Қазақстан Ресейге 12 млрд текше метр газ жеткізеді
ашық дереккөзі
2017 жылы Қазақстан Ресейге 12 млрд текше метрден астам газ жеткізеді. Бұл туралы Астанада өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ЖАҚ (жария акционерлік қоғам) арасындағы келіссөздер қорытындысында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«ҚазТрансГаз» баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Газпром» мен «ҚазТрансГаз» жыл сайын экспортталатын газ көлемін арттыруда. Ресейге жылына 12,8 млрд. көлемде газ экспорттау туралы уағдаластықтың отандық газ саласы үшін стратегиялық маңызы бар. Бұрын қол жеткізген Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімдерді жүзеге асыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ЖАҚ дәстүрлі түрде біріккен консультациялар өткізіп тұрады және ұзақ мерзімді кезеңге ынтымақтастықтың негізгі бағдарын анықтайды. Бүгінде газ бойынша ұлттық операторға айналған ҚазТрансГаз тауарлық газдағы ішкі қажеттілікті толық өтеп, экспорттық әлеуетті арттыруда және отандық газтранспорттық инфрақұрылымды дамытуда.